14 сәуір күні аудан орталығындағы Балалар өнер мектебінде өткен «Үкілі домбыра» дәстүрлі ән байқауында ауыл мектептерінен келген жас өнерпаздар бәйгеге түсті. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасын, мәдениетін балалар арасында кеңінен таратып, ұлттық өнерді сүюге, оның мәнін түсініп, одан тәлім алуға бағытталған игі бастамаға қатысушылар жас таланттардың ән-күйіне тәнті болып қайтты.
Ұлттық өнердің жанашыры, Балалар өнер мектебінің директоры Асқар Дүйсенбекұлы Сүлейменовтің бастамасымен қолға алынған дәстүрлі ән, халық әндері, жыр-термелер орындау-дан өткен байқауға аудан аумағындағы 3 мектептен 4 оқушы, атап айтқанда, Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешенінен 2, Амангелді атындағы ОМ-тен 1 және Абай атындағы ОМ-тен (Үлгілімалшы ауылы) 1 жас өнерпаз келіп қатысты.
Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері-тін. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді.
Алайда, ХХІ-ғасырда кенжелеп қалған дәстүрлі ән мен күй, терме орындау өнерін қайта қолға алу, жандандыру ұлттық өнерді өз деңгейіне көтеру тәуелсіз ел ұландарының несібесі деу орынды. Өйткені, олар егемендікті сезініп өскен ұрпақ. Олардың ойы да, бойы да еркіндік бұлағынан нәр алған. Осы орайда, байқауда бақ сынаған дүлдүлдеріміз жетекшілерінің шеберлікпен даярлап, баптаған еңбегін зая кетірмей, төл өнердің құдыретімен тамсандырып, қасиетті қара домбыраның құлағында ойнады. Барларын ортаға салды. Ешбір күшейткіш құралдарсыз таза дауыспен додаға түскен жас таланттар қазылар алқасының әділ бағасын иеленді. 10-13 жас арасынан ІІІ-орын 13 жасар Бақыт Нұрланқызына (Г.Рахимова), ІІ-орын Амангелді атындағы ОМ Айболбек Қыдырбекке (жет. Жұлдыз Бибосынова) тиесілі болса, топ жарған І-орынға 11 жасар Алуа Ахметкаримова (жет. Мұхит Нұрғалиев) қол жеткізді. Кіп-кішкентай Алуаның актерлік шеберлігі, киім үлгісі, аспапта ойнау шеберлігі, дауыс ырғағы көрерменін таң-тамаша қалдырды. Ал, 15 жасарлар тобынан қатысқан жалғыз сайыс-кер Нұрай Бұрлыханова (жет. Мұхит Нұрғалиев) өзінің әсем даусы, қазақ қызына тән биязылығы, орындаушылық шеберлігі арқасында І-орынға лайық деп танылды. Сайыскерлер мен олардың музыкалық жетекшілері аудандық білім беру, спорт және денешынықтыру бөлімінің атынан мақтау грамоталарымен марапатталды.
Байқау соңында шеберлік сыны-бын көрсетіп, терме орындаған Гүл-шекер Айтолланың өнері сайыс-керлерге керемет әсер қалдырды. Сайыскерлердің әрқайсысы дәстүрлі әншінің орындаушылық шеберлігіне үлкен таңданыспен, қызыға қарап, оған ұқсағысы келгені байқалды.
Жеңімпаздарға жыл соңына таман өтетін облыстық байқаудан жүлделі оралыңыздар деген тілек арнаймыз! Киелі ұлт аспаптарын айшықтап, дәстүрлі өнерімізді асқақтататын жас дарындарымыз көбейе берсін!
Бақыт МҮЛІКОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.