Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әманда, «Бұлақ көрсең көзін аш», – дейтін халқымыз жастайынан талантымен таныла бастаған бүлдіршіндердің шеберлігін шыңдауға үлкен мән бергені ақиқат. Бұл орайда, Көкпекті ауылындағы Балалар өнер мектебінің шоқтығы биік.
Көкпекті ауылындағы өнер мектебінің ұстаздары домбыра, қобыз, баян, көркемсурет және хореография сыныптары бойынша дәріс беріп, жас өнерпаздардың талаптарын ұштауда. Аталмыш өнер мектебінің ашылғанына біршама уақыт өтсе де, талай биік белестерді бағындырып, Көкпекті жерінің киелі өнерін облыс, республика жұртшылығына танытып, ел мерейін үстем етіп келеді.

Расында да, өнердің биік белесіне қадам басқан аталмыш мектептің өрендері тамаша жетістіктерімен қуантып келеді. Соның бір айғағы ретінде өнерлі балғындардың соңғы республикалық, халықаралық байқауларда жеткен жетістіктеріне тоқталайық. Мәселен, «Қазағымның жыры сенсің - домбыра» атты Республикалық видеобайқауының «Шертпе күй тарту» аталымы бойынша қатысушылардың 13 жас аралығындағы жеңімпазы болып Дильназ Ахметова және Лана Оразбекова, Мырзагелді Каусов қатысып, жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар, аталмыш мектепте «Мәнерлеп оқу» үйірмесі де ашылған болатын, жетекшісі А.Сүлейменов. Осы үйірменің мүшесі Аймара Айдарханова да ақиық ақынымыз М.Мақатаевтың 85 жылдық мерейтойына арналған мәнерлеп оқу сайысына қатысып, жүлделі орын алды.
Тағы бір жетістік шыңдары балалар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, аудан көлеміндегі іс-шаралардың бірі «Тәуелсіз елдің ұрпағымын» атты сурет байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Сұңғат Ерланов, Олжас Сүлейменов III-орынға ие болып , Көкпекті аудан әкімінің сертификатымен марапатталды. Балғындардың бұл жеңістері білімді де, білікті басшы А.Сүлейменов пен үйірме жетекшілері Б.Шакенова мен Қ.Ахметқалиева және А.Шарифуллина, Р.Джамбаевтың еңбектерінің жемісі.
Міне, осындай толымды табыстарымен аудан мерейін үстем етіп жүрген Көкпекті ауылының балалар өнер мектебі өнерпаздарының жетістіктерін саралап, өнерлерін халыққа паш ету мақсатында, биылғы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту ретінде 15 желтоқсан күні Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте мерекелік шарасын жоспарлап отыр. Ендеше, аудан абыройын әрдайым асқақтататын өнерлі бүлдіршіндердің жеңісті жолдары көп болсын!


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз