Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына Көкпекті ауданы бойынша «25 жыл – Бірлік пен Жасампаздық» атты 25 жұлдызды күн іс-шаралар жоспарына сәйкес 22 қараша «Мемлекеттік рәміздер күні» деп белгіленді. Бұл күні аудан бойынша және Самар ауылдық округіндегі барлық мекемелер мен ұжымдарда бір мезгілде еліміздің Әнұра-ны шырқалды. Самар ауыл-дық округі әкімшілігінің мәжіліс залында да салтанатты түрде Әнұран орындалды.
Самар ауылдық округінде «Тәуел-сіздіктің 25 шыңы» атты мерекелік іс-шаралар жоспары бекітілді. Оның алғашқы күні Самар ауылындағы Келісім үйінде еліміздің Конституциясына арналып өткізілді. Бұл шараға №2 аудандық соттың төрағасы Н.Нұралинов қатысты. Сонымен бірге, 21 қараша күні модераторы Е.Сауых болған «Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күні» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.
«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына - 25 жұлдызды күн» атты бекітілген жос-пар бойынша әр күн сайын пайдалы әрі танымдық іс-шараларға толы болып, еліміздің басты мерекесін лайықты қарсы алуға самарлықтар өз үлестерін қоса береді. Жұлдызды күндер жалғасын табуда.
Клара НҰРПЕЙІСОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.