Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазіргі уақытта инженерлік кадрлардың тапшылығы бүкіл әлем дертіне айналды. Мамандар тапшылығына заманауи инженерлік технологиялардың жаңаруы да өз әсерін тигізіп отыр.
Болашақ инженерлік кадрларды тәрбиелеуді мектеп қа-бырғасынан бастау қажет. Жоғары білімді инженер болғысы келетін оқушыларды ынталандыру үшін Шығыс Қазақстан облысының пилоттық мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап «Мен-инженермін» жобасы енгізілді. Облыс мектептерінің оқушылары «Мен - инженермін» жобасы аясында алдыңғы қатарлы инженерлік технологияларды оқып үйренуде. Оқу «PTC», «Creo», «Mathcad» және «3D Blender» бағдарламаларының көмегімен жүргізіледі.


- Бұл курс инженерлік технологияларды меңгерумен қатар пәнаралық байланыстарды біріктіруге және дамытуға ықпал жасайды, - деп Зырян қаласындағы пилоттық мектеп-лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Ирина Иванова өз ойымен бөлісті. – «Creo» бағдарламасы бойынша оқыту аясында оқушылар кәсіпорындарда қолданылатын инженерлік-компьютерлік бағдарламаларды игер-еді. Бұл, біріншіден, үшөлшемді үлгілеумен жұмыс істеу үрдісін қалыптастырады, ал екіншіден, оқушының болашақта инженерлік мамандық бойынша оқуға түсуіне ықпал жасайды. Курс оқушылардың кеңістіктік ойлау мүмкіндігін дамытады, бұл өз кезегінде, геометрия, физика, сызу курстарында үшөлшемді нысандарды меңгеруге негіз болатыны анық.
Курс оқушыларға 3D-үлгіні автоматтандырылған жобалаудың заманауи инженерлік жүйесінде жасап үйренуге мүмкіндік береді. Нақты ғылымды игере отырып, виртуалды сынамалар, есептеулер жүргізеді. Сонымен қатар, көрнекті құрал, роботты техника, авиа- авто, кеме үлгілері үшін толымдаушыларды дайындап, жобалайды.Балалар командалық және жобалық жұмысты игереді, бірлескен жобаларды жасап, халықаралық конкурстарға қатысады.
«Мен – инженермін» жобасының артықшылығы:
Жаңа дағдылар игеру және ерте кезден кәсіби бағдарлау;
Ғылыми-техникалық шығармашылықты дәріптеу және жастар арасында инженерлік мамандық беделін арттыру;
Техникамен жұмыс дағдыларын дамыту;
Жоғары технологиялар мен инновация салаларына балалар мен жастардың қызығушылығын ынталандыру;
Дарынды жасөспірімдерді анықтау және қолдау.
«Мен - инженермін» курсы оқушылардың сабақта алған білімін тереңдетіп, байытуға және танымдық икемділікке баулиды, білім салаларына терең танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушыларды кәсіптік бағдарлау ісіне көмектеседі.
Қазіргі таңда аталған элективті курс Шығыс Қазақстан облысының 26 мектебінде енгізілген. Дегенмен, жобаға қатысушы мектептер санын біртіндеп арттыру жоспарланып отыр.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз