Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Адамзат баласының адами қасиеттерін жарқырата көрсететін кейбір іс-әрекеттер ұрпақ санасына жол тауып, заманына қарай рухани құндылықтарға, дәстүрлі іс-шараларға айналып кетеді. Қайырымдылық, бауыр-малдылық, қиын-қыстау күн-дерде көмек қолын созып, бір-бірлеріне көмектесіп, қарайласу секілді адам баласының бойына дарыған асыл қасиеттер деп айтар едім. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған, жастайынан ата-анасынан айы-рылған жетім балаларға мемлекет, әлемдік қауымдастық, тіпті қоғамымыздағы қайырымды жандар да қолдарынан келгенше көмек қолын созып, барынша көмектеседі.


29 қазан – Дүниежүзілік Қамқоршылардың халықаралық мерекесі деп аталуының өзі қоғамымызға қаншалықты керек екендігі және өте маңызды рөлге ие. Сенбі күні Үлкенбөкен ауылындағы мектеп ұжымы да осы күнді дәстүрлі мерекелік іс-шара ретінде атап өтті. Бұл шараның жоғары деңгейде өтілуіне мұрындық болған мектебіміздің әлеуметтік педагогі Мәдина Алдабергенова «Біз сенің жаныңдамыз» деген тақырыпта көгілдір алау өткізді. Концертке ауыл әкімі Н.Назарханов, орман шаруашылығының басшысы Р.Жакупов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Тоқтамысова, ата-аналар комитетінің төрайымы Қайныш Сүлейжанова, осы мерекеге арнайы қонақ ретінде шақырылған ауылымыздың ардақты әжесі Райхан Урустимова апа, қамқоршы ата-аналар мен демеушілік көрсеткен атымтай жомарт ауыл азаматтары шақырылды. Көгілдір алауға мектеп ұжымы, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері жиналды.
Мектептің акт залы тақырыпқа сай көркем безендірілді. Түрлі-түсті шарлар көпшіліктің көңілін көтерді. Ал сахнаның бір бұрышы қамқорлықтағы оқушы қыздарымыз Еркежан Увалиева, Әсем Оразғалиева, апалы-сіңілілі Балжан мен Аружан Жұмақановаға арнап фотостенд қойылды. Стенд мазмұны баланың мектептегі өмірі, сабақтағы бір сәтке түскен түрлі-түсті фотосуреттері, сынып жетекшімен бірге түскен, жеке өзі түскен және отбасылық суреттері қойылған. Бұдан басқа осы балалар туралы презентацияланған слайд шеруі де өте сәтті шықты.
Көгілдір алаудың шымылдығын мектебіміздің хатшысы жезтаңдай әншіміз Рая Насивхан мен кішкентай бүлдіршіндердің мың бұралған биімен, «Көңілді күн» атты әнді орындаумен ашылды. Бұл музыкалық сыйлық жиналған қауымның көңілін бір серпілтіп тастады. Көптен бері күн суытып, дала сыз тартып, күн көзін көрмей бұлыңғыр тартақан сүрең күндерден кейін аспан шайдай ашылып, көк жүзінде күніміз жарқырап шыға келгендей болды. Ән шумағындағы «Бүгін қандай тамаша, көңілді күн», - деген әуен көпке дейін құлақтан кетпей, тыңдарман жұртты көңілді күйге түсірді. Бұл концертте айтылған әндер мен нөмірлер тақырыпқа сай алынды. Әсіресе, 10 «а» сынып оқушысы күміс көмей әншіміз Нұрай Барлыхановның орындауындағы «Сәби бақыты» және 9 «а» сынып оқушысы өнерлі ұлымыз Дулат Манарбековтың орындауындағы «Әке-ана» әндері көрермендерге қатты әсер етті. Ал бәрінен де 5 «а» сынып жетекшісі Аяулым Мұстафинованың орындауындағы «Жетім қыздың монологы» отырған көпшіліктің көбінің жанарына жас үйірілтті. Тастанды баланың зарын асқан шеберлікпен жеткізген Аяулымның әртістік өнеріне дүйім жұрт тәнті болды.
Бұл концертте Үлкенбөкен ауылының әкімі Н.Назарханов сөз сөйлеп, округ аппараты жинаған қаржыны қамқорлықтағы жетім балалардың кәдесіне ұстауға және тәттілерді алып берді өтінді. Бұдан кейін сөз кезегін алған С.Тоқтамысова осындай атаулы күннің биыл бесінші жыл өткізіліп жатқаны, тақырыптың ауыр екенін айта келе, «Сендер өте бақыттысыңдар, себебі, өздеріңді ата-әжелерің қамқорлыққа алып, тәрбиелеуде. Балалар үйінде тұрып жатқан жоқсыңдар, сендер өз үйлеріңде, туған-туыстың ортасында, бақытты отбасында өмір сүріп, толыққанды азамат болып өсіп келесіңдер» - деп барлық жақсылықты тілеп, демеушілерге алғысын білдірді. Демеушілердің атынан Р.Жакупов сөз алып, ортаға шықты. Ол Аружан Жұмақановаға өз сыйлығын ұсынып, баланы қуантты және өз сөзінде жылда осы мерекеге қатысып, Аружанға қарайласып тұратынын, болашақта бір маман иесі болып, елге қызмет етуіне тілегін білдірді. Демеушілерге, мектеп ұжымына бір-бір ауыз тілектерін айтып, алғыстарын жаудырған қамқоршы аналар З.Увалиева мен Г.Әубәкірова да жылы сөздерін аямады.
Ауылымыздың атымтай жомарт, жаны жай-саң, дархан жүректі азаматтары С.Панов, Қ.Бай-молдин, Қ.Тұрықпаев Д.Алдабергенов, Р.Жакупов, К.Хощанов, А.Тасилов, А.Мұқанов, Ж.Күшікпаев жинаған қаржыларына алынған сыйлықтарды балаларға тарту етіп, әлеуметтік педагог Мәдина Серікқызы демеушілерге, жиналған қауымға шын көңілден алғысын білдірді.
Сахна төрінде концертке қатысқан барлық өнерлі балалар, қамқоршы ата-аналар, сыйлығын алып, мәз-мейрам болған балалар би билеп тұрды. Ән аяқталысымен осы кездесудің ескерткіші ретінде бәрі фотоға түсті. Соңында келген қонақтарға арнап, мерекелік дастархан жайылды. Осылайша Қамқоршылар күнін өз деңгейінде ұйымдастырған әлеуметтік педагогқа бәрі алғыстарын білдіріп, бір-бірлеріне жылы сөз айтып тарқасты.


К.Қалиева,
Үлкенбөкен мектебі,
10 «а» сынып жетекшісі
М.Алдабергенова, әлеуметтік педагог

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз