Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Қазіргі заман өзіне сенетін арманы мен оны іске асыруға ерік-жігері бар, дарынды, қажырлы адамдардың уақыты» деген Елбасымыздың данышпан сөзін ойыма алып отырмын. Ұлт тарихын меңгере отырып, сан ғасырлар бойы ел үшін, жер үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыздың қанымен келген бүгінгі бейбіт заманымыздың төл Президентінің барына мақтанамын, аса қадір тұтамын. Мемлекетімізде тыныштық орнап, еліміздің біршама жаһандануы - бәрі-бәрі басшы іскерлігі деп танимын. Басшының дүйім бір елді шебер басқаруына, оның елге деген махаббаты үшін халқының қолдауы үнемі қажет-ақ.


Халқымның «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген даналық пікірін негізге ала отырып, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылы, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері, елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиеті ұрпақтан-ұрпаққа дарыса екен деймін.
Елбасының арқасында тыныштық орнаған, бейбіт елде өмір сүріп жат-қанымызға шексіз қуанамын. Елбасының арқасында «уайымы - жоқ, қарны - тоқ», тәуелсіз мемлекетте тұрғанымызға не жетсін!
Ойымды қорыта келе айтарым, егер мен шебер қаламгер болсам, қазақ тарихында есімі алтын әріптермен жазылар Тұңғыш Президент пен Қазақстан жайында көп ой толғар едім. Ал егер суретші болсам, елім, Президентім туралы үлкен де әсем портретін салар едім де, ұлттық мұражайға табыстар едім. Дәл қазір мен Нұрсұлтан атам туралы шағын шығармамды ғана ұсынамын.
Жанель Қалиякперова,
7 сынып оқушысы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз