«Басқарушы болмаса, ел қадірі кетеді,
Елінде айтыс болса, ер қадірі кетеді».
Арғымақтың белі бүгіліп, ұшқан құстың құстың қанаты талған ұлан-ғайыр, шетсіз де шексіз өлке Қазақстан - менің Отаным! Туған жер дегенде жүрегім дір етіп, қаным толқып, денем ғаламат күй кешкендей болады.
Ата-бабаларымыздың арманы келешек ұрпаққа, яғни біздерге тәуелсіздік туын ұстату еді. Сол арман бүгінде орындалып отыр. Бүгінгі таңда Қазақ елі тәуелсіз мемлекет атанып, елдігінің, халықтығының белгісі, биік мәртебесі болып табылатын рухани байлығы - тілінің, тарихы мен мәдениетінің ауыр тағдырын қайта қарауға мүмкіндік алды. Халқымыз ежелден аңсаған мақсатына жетті. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен еліне қамал болған батырларымыз бен жарқын болашақтың, кемел келешектің жолында ел бірлігін сақтаған ұландарымыз аянбай тер төкті. Бірақ, «Ақтабанның ізі», «Желтоқсанның сызы» жүрегімізге жазылмастай жара салды. Бүгін көп ұлтты, түрлі дінді ұстанған халықты бір тудың астына біріктіріп, сүттей ұйытып отырған Қазақстан сынды ел кемде-кем. Бұл - баға жетпес құндылық.
Қазақстанға қазіргі таңда бейбіт-шіліктің ақ құсының қонғаны-Елба-сымыздың сындарлы еңбегінің арқасы. Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық болмысымен түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар-намыстан жаралған қайтпас-қайсар қайраткер, елін басқарып, қос батырдың ісін істей алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап, тағдырын қолына бергенінде халық жаза басып, жаңылған жоқ еді. Президентіміздің Қазақстан халқының әл-ауқатын, ел экономикасын жақсартып, елдің тыныштығын сақтаудағы істері орасан зор.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген, біліктілігі мен ұйымдас-ты-рушылық тума таланты Қазақстан мемлекетінің гүлденіп, өркендеуіне жол ашқаны, Астана қаласының көрік-келбеті айғақ. Тарихи тәлімнен сабақ ала білген Елбасымыздың даналығында да өткенмен сабақтастық тұнып тұр. Тәуелсіздігімізді ала сала, Сарыарқа төрінен ұлттығымызға ұлы шаңырақ көтеру - тұңғыш Президентіміздің кемеңгерлігі, парасаттылығы. Тарихтың тағдыр-талайы шешуші сәтінде мемлекет басына келіп, шексіз ұлтжандылықпен рух биіктігін көрсетіп, елін өрлеу мен гүлдену жолына түсіріп, іркілмей бастап келе жатқан ізгі жан жайында жылы сөздер айтпау мүмкін емес.
«Атаң тартқан ауыр жүк мойныңызға артылды,
Түсінген жан едіңіз дәстүрім мен салтымды.
Бір Алла өзі жар болсын,
Бастай бер, баста халқыңды!»,- деп ақын ағаларымыз айтқандай, Елбасымыздың өмірі мен қызметі елі мен жеріне, оның болашақ дамуына арналған. Осы жолда қойдай қоңыр халқыңызды от пен суға түсірмей, алға бастай беріңіз! Біз сізді мақтан тұтамыз, Елбасы!
Келешекте мен де Қазақстан дамуына өзімнің үлесімді қосамын. Саған қызмет етемін, гүлденуіңе көмек беремін, туған елім!
Ақбота Ахмадиева,
8 сынып оқушысы І.Жансүгіров атындағы орта мектеп
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.