Қазақ халқының ана тілі –қазақ тілі. «Қазақ тілі - өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүрегіңді жадыратып, құлақ құрышын қандырып, ұғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді», - дегенді Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқан. Әр патриот, елін, жерін сүйетін азамат «Ана тілі - қазақ тілі» - деген сөзді көкірегіне емес жүрегіне жазатын, жадында сақтайтын уақыт жетті.
Біздің мектебімізде 12-22 қыркүйек аралығында Қазақстан Рес-публикасы Халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай, онкүндік іс-шаралар өткізілді. Онкүндік мерекелік жиынмен басталды. Жиын-да оқушылар әр ұлттың тілінде өлең оқып, ән айтып, тілдер күні мерекесінің маңызы туралы барша оқушыларға мәлімет берді.
Жоспар бойынша «Мемлекеттік тіл - менің тілім», атты тақырыпта 5-11 сыныптарда сынып сағаттары жүргізілді. Мектеп кітапханашысы кітапханада тіл мерекесі күніне арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. 5-11 сынып оқушылары арасында «Тіл тұтастығы - ел тұтастығы», тақырыбына шығармалар байқауы жарияланып, бағаланды. Тіл мамандары «Тіл - аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз», тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Айтышева «Қазақтың Хан апасы» Қанипа Бітібаеваға арналған әдеби кеш ұйымдастырды. Жоғарғы сынып оқушылары арасында «Ұлттық тіл - мәдениеттің негізі және іргетасы» тақырыбына мақалалар байқауы жарияланып, 10 сынып оқушысы Олжас Мусиннің мақаласы ең үздік деп танылды.
Сынып сағаттарының ішінде «Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбында пән мұғалімі Ж.Нұрпейісованың, А.Қайырқанованың өткізген «Тіл - достық көпірі» ашық сабақтарына оқушылар қызыға да белсене қатысты. Ағылшын тілі пәнінің мамандары А.Ахмадиева, Ж. Четпаеваның 5-6-8 сыныптарда өткізген көркем сөз шеберлері байқауын және ағылшын халқының әртүрлі ойындарын ойнатты. Апталықта белсенділік танытқан оқушылар марапатталды
22 қыркүйекте «Тілдер күні» атты тізілім үш тілде өткізілді. Өткізілген іс-шаралар оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, өзге ұлттың тілін құрметтеп, өз ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатын қамтыды.
Г.Айтышева, әдістемелік бірлестік жетекшісі,
№1 Самар орта мектебі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.