Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биылғы 2015-2016 оқу жылында оқушылардың мектепке сақадай сай болып, оқулықтарының түгел болына аса назар салынып, «Мектепке - оқулықпен» республикалық акциясын өткізудің тұжырымдамасы бекітілген болатын. Осы акцияның аясында 1 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында білім ордаларында игі шара қолға алынуда.
Акцияның мақсаты - мектеп оқушыларын тегін оқулықтармен қамтамасыз ету, мектеп кітапханасының ішкі резервтерін тиімді пайдалану және жетіспейтін оқулықтарды басқа мектептерден ауыспалы кітап қоры арқылы алуды ұйымдастыру болып табылады. Аталмыш шара үш кезең аясында өткізілуде. Акцияның «Кітап қорын тексер!» деп

аталатын бірінші кезеңі ағымдағы айдың алғашқы аптасында жүзеге асты. Бұл уақытта, біріншіден, білім ордалары оқулықпен қамтамасыз етілу мониторингін жүргізеді. Онда жаңа оқу жылында оқулықтардың жетіспеушілігін білу, басқа мектептердегі оқулықтар бойынша мәліметтер жинау іске аспақ. Екіншіден, оқу әдебиеттерін аудан мектептері арасында айырбастау және беру жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, оқулықтар жетіспейтін мектептерге оқу әдебиеттерін беру үшін айырбас қоры қалыптастырылған.
Келесі қадам тәлім алушыларға жаңа оқу жылын жаңа оқулықтармен қарсы алуын қамтамасыз ету болып табылады. Ауданымыздың мектептері бұл тұрғыда да тосылып қалмады. Жыл сайын оқулықтар жаңарып, сыртқы түріне сай ішіндегі асылдың да құнары молайып келеді. Сол себепті, оқушылардың неғұрлым жаңа оқулықтардан білім алуының маңызы зор. Соны ескерген Көкпекті орта мектебінде 17 және 19 тамыз күндері мектеп кітапханасына оқушылар, олардың ата аналары мен ұстаздар жиналып, салтанатты түрде шәкірттерге жаңа оқулықтар табыс етілді. 4-6, 11 сынып оқушылары түгелдей жаңа оқулықтармен қамтылды. Дәл осындай игі шараларды өткізген Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің білімгерлері де жаңа оқулықтарға ие болып, жаңа оқу жылына жаңа қарқынмен кірісетіндеріне нық сенімде.
- Бүгін оқушылар баспадан жаңа шыққан оқулықтарға ие болып отыр. сондықтан, оқулықтардың дұрыс сақталуына ата аналар тарапынан қатты көңіл бөлінсе екен. Осы оқу жылында барлық шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәртіп тілегім келеді, - деді Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі С.Тлебалдина.
Акцияның соңғы кезеңі «Сыйлыққа - оқулық» деп аталады. Бұл шара оқушыларға ұқыптылықпен қатар, білгенімен бөлісуге, мектеп түлектерінің өздерінің өткен жылы қолданған кітаптарын ұқыптап ұстап, өзінен кейінгі іні-қарындастарына сыйлауы арқылы шәкірттер арасында қайырымдылық сияқты ізгі қасиетті қалыптастыруды мақсат етеді. Бұл кезеңде мектеп кітапханашылары өзінің жас көмекшілерімен бірге оқулықтардың сақталуын тексереді, қажет болса, қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ, аталмыш кезеңге мектепке жанашыр меценаттар, демеушілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім ошақтарының алдыңғы жылдардағы түлектері қатыса алады. Олар білім ордаларындағы кітапханаларға тарих, мәдениет туралы кітаптар, пәндер бойынша энциклопедия, анықтамалықтар, мектеп бағдарламасына сәйкес қазақ, орыс тілдеріндегі көркем әдебиеттер сыйлауына болады. Бұл шараға ата аналар қауымы атсалысуда. Мектеп кітапханаларына сыйлыққа берілген кітаптар оқушыларға тек табыс пен білім әкелеріне шүбәміз жоқ. Қ.Раев атындағы балалар үйінің тәрбие ісінің меңгерушісі Т.Құнапиянова Көкпекті орта мектебінің білімпаз шәкірттеріне тамаша кітап сыйға тартып, балалар көңілін қуанышқа бөледі. Аудандық Жастар орталығының бас маманы Әлижан Артықбаев: «Мен де осы мектептің шәкіртімін. Осы білім ордасынан тәлім алдым. Бүгін сендердің жаңа оқулықтарға ие болғандағы бал-бұл жанған жүздеріңді көріп, оқуға деген құштарлықтарыңды таныдым. Алған білімдерің тек биік белестерге жетелесін» деп іні-қарындастарына тілегін білдірді.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз