Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

Жыл бойы «Білім» теңізінде жүзген оқушылар демалыс аралына жетті. Белгілі бір міндеттен босап, арқаны кеңге салатын көңілді шақты әр бала асыға күтеді. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана–сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі екенін ескерген аудандық білім беру бөлімі биыл да жаз лебі біліне салысымен жылдағы дәстүр бойынша жазғы балажайларды ұйымдастыруды қолға алды.

Адам жанының табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңейе түсетін, жеке көзқарас қалыптасатынтамаша кезеңді тиімді өткізу үлкен міндет. Бұл тұрғыда ауданымыз көшті бастап тұрғаны мәлім. Сарыбел ауылында орналасқан «Жас толқын» балажайы оқушылардың сүйікті демалыс орнына айналды. Таулары тарихтың тамырындай толғанып тұрған, суы қазақтың дархан көңіліндей асып-тасып жатқан дария-даланы бір көрген соң кеткің келмейді. Биыл аталған балажайда 60 бала демалады. Екі ауысымда жұмыс істейтін балажайға өз қалауларымен сұранып келгендердің көпшілігі жылда барып, сол жерді өздерінің өмірінің бір бөлшегіне айналдырған балалар. Әбден танып, достасып алған тәлімгерлер оларға «Балажайдың ардагерлері» деген лақап ат қойып алыпты. Әртүрлі көңілді іс шаралар мен спорттық сайыстар өткізілетін орынға келгеніне демалушылар дән риза.

Облыс әкімі Д.К.Ахметовтың бос қалған мектеп ғимараттарын тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасын ауданымыз сәтті жүзеге асырды. Оған дәлел, Новостойка ауылындағы «Балауса» спорттық-сауықтыру кешені 200 баланы қуанышқа бөлейді. Аудан әкімінің бастамасымен, аталмыш балажайда демалуға әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар толықтай тартылды. Жолдамалар жаппай оқу қорының есебінен төленеді. Бес ауысымда жұмыс жасайтын балажай демалушыларына пайдасы мол интеллектуалды ойындар мен топтық іс шаралар жүргізіп, балаң көңілдерді жадыратуға бар ынталарын салуда.

 - Жаз айлары келе салысымен мен балажайға асығамын. Міне, биыл бесінші жыл қатарынан келіп отырмын. Бұл жердің тартымды табиғаты тылсым сыр шертіп тұрғандай көрінеді. Өзімді сол әсем бейненің бір бөлшегі сияқты сезінемін. Қазіргі заман жаңа технологиялар заманы болғандықтан, барлығымыз ұялы телефонның тәуелділігінен оңайлықпен шыға алмай жүрміз. Ал, балажай маңында телефон байланысы жоқ болғанының өзі өте тиімді. Бір уақ экранмен емес, Жер-Әлеммен байланыста болып асыр саламыз. Барлық достарымды балажайға шақырамын, - деп шынайы көңілін білдірді Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп оқушысы Ерасыл Әшімтаев.

Баланың жан-жақты қалыптасқан тұлға болып өсуіне тәлім мен тәрбие ғана емес, алаңсыз демалыс та үлкен үлес қосады. Демек, ұлағатты ұрпақты ел ертеңіне айналдыру жолында демалыс кешендерінің де алатын орны ерекше екенін ұмытпағанымыз жөн.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз