Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 20 маусымында, ауда-нымыздағы мектеп бі-тірушілер үшін толғанысқа толы түлектер балы өтті. Осы күн әр түлектің санасында ең бір ыстық сезіммен қалатыны сөзсіз. Бұл күн бақытты балалық шағының соңғы жаңғыры іспеттес. Осы әсерлі шақ енді қайталанбайтыны бел-гілі. Сол себепті, балалық өмірмен ерекше қоштасу керек.

Бұл күні Самар мектеп-терінің түлектері, ата-аналар, ұстаздар орталық мәдениет үйінің алаңына аттестатты беру рәсіміне жиналды.

Біздің еліміздегі Қазақ хандығына – 550 жыл, Ұлы Жеңіске – 70 жыл, Қазақстан халықының ассамблеясының 20 жылдығы сынды мерейтойлар қарсаңында Самар ауылында 37 түлекке мектеп бітіру аттестаттары тапсырылды. Олардың біреуі «Алтын белгіге», екеуі үздік аттестатқа ие болды.

Салтанатты кернейдің дауысы мен көрермендердің қошеметі балдың қызыл кілем жолындағы «Алтын белгі» иегері, аудандық интеллектуалды марафон жеңімпазы Балым Сейітханға арналды. Оқудағы озат үлгерімі, мектепішілік, аудандың байқауларға және мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Балым «Қазақстан үміті» кітабына енгізілген. Ал «Үздік аттестат» иегерлері Меруерт Мұқанова, Әнел Хайрулина, 100 ұпайдан жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Файзулдинова, Санат Сарқытов, Бекзада Базарханова, Кәмила Жайлаубаева мектептерінің мақтанышы.

Олардың соңында мектепішілік пән олимпиадаларының жеңімпаз түлектері, қоғамдық шараларға белсене қатысып, аттары мектеп қабырғасында қалатын спортшылар болды. Содан кейін, аттестатты тапсыру салтанаты басталды. Аудан әкімі Р.Н.Сағандықов мектеп түлектеріне жылы лебізін білдірді.

- Ата-аналарың, ұстаздарың сендерге үлкен үмітпен қарап тұр, әр ұстаздың жүректерінен мақтаныш сезімінің сазын естуге болады. Сіздерге зор денсаулық, ересек өмірге шарықтауларыңа сәттілік тілеймін, - деді Р.Нығметжанұлы.

Мерекелік құттықтауды Самар ауылдық округінің әкімі С.Дюсупов жалғастырды. Ол түлектерге шын жүректен армандарына жетіп, өздері қалаған мамандық иесі болуларына тілектестік білдірді.

Бүгінгі салтанатты кеш барлығы үшін маңызды. Біріншіден, ата-аналарға, себебі, олар жылдар бойы балаларын жеңіске жетеледі. Екіншіден, шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан ұстаздар үшін де ең ерекше күн.

Жүрекжарды тілектерін мектеп директоры В.Кутателадзе, ұстаздар Р.Апсадықова, А.Құрманғалиева, Л.Қожаева, ата-аналар атынан С.Хайрулина арнады. Саналы шәкірттер Балым Сейітхан, Камила Жайлаубаева, Ольга Дорожко ата-аналарына, ұстаздарына алғыстарын білдірді.

Мерекелік кеште сахна төрінде мәдениет үйінің әншілері сазды әуенмен жұртшылықтың көңілін көтерсе, бишілері мың бұралып би биледі. Туған ұяларын қимай тұрған түлектер балл кешінде «Куда уходит детство» әнін шырқап, дәстүрлі қоштасу вальсін биледі.

Қоштасу кеші жас түлектердің болашақ армандары жазылған қайықтарды, сол армандарды келешектің кемесіне алып ұшатын көк кептерлерді аспанға ұшыруымен аяқталды. М.Клейннің әдемі хориографиялық көрінісімен, режиссер Л.Гебельдің ұйымдастыруымен өткен кеш оқушылардың, көрермендердің көңілінен шықты.

Қымбатты мектеп бітіруші жас түлек!

Шақырып дала, қалаға,

Сан тарау алда тұр өмір.

Талғаммен таңдап, қала да,

Бірімен соның жүре біл!

Тұмарлық болып адамдық,

Мейірге толсын әр ізің!

Болмасаң – дағы кемеңгер,

Азамат болу – борышың!

 

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз