Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Міне, бір жылды артқа тастап тағы да соңғы қоңырау соғылды. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да осыдан жиырма және отыз бес жыл бұрын алтын ұя мектебімен қоштасқан түлектер өздеріне білім берген Көкжота орта мектебінің ұстаздарымен кездесуге келді.

Өмірдің өзі қоштасу мен кездесуден тұрады ғой. Сол кездесудің ішінде мектеп түлектерінің кездесуі ерекше орын алады. Бір кездегі шәкірт бұл күнде халқына қалаулы, еліне елеулі азаматтар.

Олардың самайларын қырау шалып, өздері отбасылы, тіпті алды немерелі болса да жүректері әлі де мектебім, ауылым, қолыма қалам ұстатып білім нәрімен сусындатқан ұстаздарым деп соғады.

Жүздері бал-бұл жайнап, балалық шақтағы әрбір қылықтарын еске алып бір жасап қалғандай.

Иә, әр жылғы кездесудің мектеп оқу-шыларының жүрегінде мәңгі сақталып қалатыны сөзсіз. Кездесуге келген аға-апаларымыз алтын ұя мектебіне құр қол келмеді.

Осыдан жиырма жыл бұрын бітірген ағаларымыз артымыздан ерген жас ұрпақ салауатты өмір салтын ұстансын деп 110 мың теңгеге 10 шаңғы ботинкасын табыс етсе, жиыр-ма бес жылдық түлектер атынан, өзі келе алмаса да, Қыздар педагогикалық институтының аға оқытушысы, филология ғылымдарының доценті Болатхан Сарбасов өз құттықтауын білдіре отырып, мектеп кітапханасына арнап энциклопедиялық жинақтар жиынтығын сыйға тартты. Ал, отыз бес жылдық түлектер мектеп ауласының шөбін шабуға арналған шөп машинасын сыйлады. Сонымен қатар, ауылдық дәрігерлік пунктке және мәдениет үйіне де ең қажетті деп танылып отырған балалардың салмағын өлшейтін құрал мен тоқ пешті тарту етті.

Бабаларымыз «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген ғой. Ағаларымыз оны да естен шығармапты. Жиырма жылдық түлектер ауылдың кіре берісіне шырша ексе, отыз бес жылдықтар мектеп ауласына жеміс ағаштарын отырғызды. Бұл кездесу ауылды елең еткізіп, ұстаздарымызға жаңа серпіліс берді. Ал мен олардың көзінен «... Он жылдықты біздер бітіріп кеткенмен, Сіздер - ұстаз, біз - шәкіртпіз әлі де» деген Есет Әукебаевтың өлең жолдарын оқығандай болдым.

Осындай игі істердің ұйытқысы болып жүрген Саниязбек Жаңабаев, Қанат Биқатов сынды ағаларымызға алғысымыз шексіз. Олардың істері бізге үлгі-өнеге. Біз тағы бір мәрте ұстазды сыйлау, ауылды қастерлеуді көкейімізге түйдік. 

Г.Сайлаухан, 10 сынып оқушысы,

Көкжота орта мектебі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз