Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Наурыз мейрамына арналған ккиіз үйлердің шаңырағы көтеріліп, керегесі жайылғанда ауылдың қыз бен жігіттері, апа мен аталардың ақылымен салтанат өтетін жерді жасандырып қойды. Ауыл-ауылға көше болып бөлінген елдің арасында қуаныш пен шаттықтың бәсекесі. Бірі-бірінен асып түсіп жатыр.
Әр көшеден ауыл болып шығып, өз өнерлерін, күштерін көрсетіп, бақталасты. Атап айтсақ «Абай», «Алаш Орда», «М.Әуезов», «Н.Саяхимов», «Қособа» ауылдары болды. Әр көшенің тұрғындары таң атысымен ұлттық киім киген жаршы жастар атқа мініп, көше жағалап, халықты тойға шақырды. Орталыққа жиылған қариялар төс қағыстыра амандасып, есен-саулық сұрасумен бастады.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2008-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Көкпекті орта мектебі мен Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептерінде шағын футболдан 12 қараша күні аудандық жарыс өтті. Жарысқа аймақтық ойыннан жеңімпаз болған 8 мектеп командасының оқушылары қатысты. І орынды Биғаш негізгі мектебінің оқушылар жеңіп алды. ІІ орын Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейі, ІІІ орынды Көкжота орта мектебінің оқушылары иеленді. Жекелей аталымдар бойынша: Серғазы Ерболат «Үздік қорғаушы» (Көкжота орта мектебі), Нұрлан Әлижан «Шебер ойыншы» (Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицей), Задабек Мағжан «Үздік шабуылшы» (Биғаш негізігі мектебінің) оқушылары марапатталды. Ауданның жеңімпазы Биғаш негізгі мектебінің оқушылары облыстық аймақтық ойынға қатысады.

Аудандық білім бөлімі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық «тарихи - өлкетану» мұражайына саяхатқа бару кестесіне сәйкес 15 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ермек Нұрланның жетекшілігімен 8 - сынып оқушылары саяхатқа шықты. Қазақстан журналистер одағының мүшесі ақын, өлкетанушы Қайрат Малғаждаровпен бірлесіп, маршрут бағыты бойынша бірінші кезекте таңбалы тастарға барды. Жергілікті өлкетанушы Қайрат Қапайұлы оқушыларды таңбалы тастардың тарихымен таныстырды. Балалар таңбалы тастар жайлы толық ақпарат алып, естелікке суретке түсті.
Маршруттың келесі бағыты Көкпекті ауылындағы «Ұлы дала елі» алаңында орналасқан Абылайхан және Бармақ Батыр ескерткіштері болды. Қайрат ағамыз қазақ батырларының өмірбаяны және ерліктерімен таныстырып өтті. Экскурссия бағытының соңғы бөлімі бойынша аудандық «тарихи - өлкетану» мұражайы болды. Мұражайға саяхат жасау кезінде оқушылар мәдени мекемедегі көне жәдігерлер, тарихи тұлғалар мен соғыс ардагерлеріне арналған бөлмелермен таныстырылды. Оқушылар өздеріне көптеген мағлұмат алып, жақсы әсерде қайтты. Өлкетану бағыты бойынша оқушыларға экскурссия барысында толық мәлімет беріп, тың ақпаратпен таныстырған өлкетанушы, журналист Қайрат Малғаждаров ағаға мектеп ұстаздары мен оқушылары алғыстарын білдіреді.

Абай атындағы
мектеп – балалақша кешені

Самар орталық кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен алда келе жатқан Тілдер күніне орай «Ең қымбат қазына - тіл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қазақ тілінің тарихынан сыр шертіп, тілдің қазіргі уақытқа дейінгі зерттелуі, дамуы жайында баяндайтын кітаптар назарға ұсынылды. Көрме мақсаты – жастар мен балаларды кітап оқуға шақыру, кітап арқылы жан–жақты болуға, уақыттарын тиімді пайдалануға талпындыру.
Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Қазіргі таңда ана тіліміз дамып, сөйлеушілер саны жылдан – жылға артып келеді. Тіл байлығын арттырудың бір ғана жолы бар, ол - әдеби кітаптарды көбірек оқу. Бір жылда бір-екі кітап деген өте аз, кемінде аптасына бір кітап оқысаңыз нәтижесі бірден біліне бастайды.

Самар Орталық кітапханасы

Тассай ауылдық округінде «Тассай ауылына кіреберіс» 9 шақырым көлеміндегі тасжолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Өңірлерді байланыстыратын күре жолдың да, ауыл - ауылға қатынайтын қара жолдың да жанға жайлы болғаны қандай жақсы. «Жол азабын жүрген біледі» дегендей, Тассай ауылындағы шешімін күткен күрделі мәселелердің бірегейі автокөлік жолдарының жайы болатын. Ал, бүгінде көпшіліктің қабырғасына аяздай батқан Тассайдағы осы бір түйткілдің түйіні біртіндеп шешіле бастаған сыңайлы.
Жолдарды қалпына келтіру және оны күрделі жөндеуден өткізу аса өзекті мәселе болып табылады. Көптеген дамыған елдерде жолдарды жаңғырту және инфрақұрылымға инвестициялар қажеттілігі бұрыннан дамудың негізгі факторларының біріне айналды. Бұл жерде ең алдымен жолдарды жөндеу, сондай - ақ қолданыстағы жол желісін кеңейту және жетілдіру туралы сөз болып отыр. Әрине, ерте ме, кеш пе жолдың нашарлап, жүруге жарамай, жөндеу жұмыстарын талап ететіні белгілі. Тассай жолы үшін бұл жұмыстарды орындау маусымы бірнеше жыл бұрын келген болатын. Алайда, осы уақыт ішінде мәселе тек пікірталастар мен ұсыныстар деңгейінде ғана қалып келді. Қазіргі уақытта аудан әкімі Раджан Сейтқановтың тікелей атсалысуымен жағдай өзгерді. Мемлекеттік сатып алу конкурсына сәйкес мердігер "ОблШығысЖол" ЖШС болып танылды. Жоба сомасы 223 414,444 мың теңгені құрайды. Техникалық қадағалауды "Arrive” ЖК жүзеге асырады. Ағымдағы жағдай туралы білу және мердігермен тікелей сөйлесу үшін біз жобаның тапсырыс берушісі "ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарымен бірге жоба атқарылып жатқан жерге барып, жұмыс барысымен танысып қайттық.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз