«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ілияс Жансүгіров оқулары» аудандық кезеңіне қатысты. Байқауға 10 - сынып оқушысы Идаятова Наз «Заманның заңғар тұлғасы» номинациясына қатысып, 1 орын алды. Сонымен қатар 10 - сынып оқушысы Көкөнова Ұлжан–«Сұлу сөздің сүлейі» номинациясына қатысып - 2 орын және 9 - сынып оқушысы Николаева Әдемі – «Жаз!Жаз! Қалам, жорғалап» номинациясына қатысып - 2 орынға ие болды. «Ілияс –қарасөз шебері» номинациясына 9 - сынып оқушысы Ахмадиева Томирис қатысып, «Белсенді қатысқаны» үшін марапатталды. Оқушыларымызды құттықтаймыз!
І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің ақпараты
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.