Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

3 ақпан күні аудандық әкімшілік ғимаратындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті брифинг өтті. Бұл жолы Құлынжон ауылдық округінің әкімі Самарқан Демесинов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Округ әкімі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы туралы баяндама жасап, тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
- Құлынжон ауылдық округі екі ауылдан құралған. Олар Құлынжон және Көкжыра. Округіміздің ерекшелігі бейбітшілік пен ынтымақтастықтың арқасында әртүрлі ұлт өкілдері тұрып жатыр. Тұрақты халықтың саны –1502 адам, Құлынжон ауылында -775 адам, Көкжырада - 727 адам бар, - деп бастады баяндамасын ауыл әкімі.


Өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы деректер келтірілді. Әкімшілік ғимаратының сол жақ қанатын балабақша қылып жөндеу жобасының төңірегінде ауқымды жұмыстар атқарылған.
Мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешенін жүзеге асыруда басты маңыздылық- азық түлік қауіпсіздігі. Осы саясаттың өмірлік маңызы да осы жеке меншік шаруашылығының дамуы. Округ бойынша 346 ауладан жеке шаруашылығы бар, мал ұстайтындар саны - 208. Жазғы уақытта малдың жайылымы ұйымдастырылады. Жоспарлы мал дәрігерлік екпелік жұмыстар жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы 63 жеке шаруа қожалықтарынан және «Казнаковка», «Восток-фиш», «Кузьмич» ЖШС бар. Серік, Жолан, Дәлел, Ильяс, Азамат шаруа қожалығы орта шаруашылық болып саналады. Негізгі ауылдық шаруашылық құрылым жұмысы - өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, балық аулау, өңдеу. Барлық жер телімі – 29014 га, соның ішінде шабындық-3214, жайылым-14244, жыртатын жер-11724 га. Балық өңдеу цехтары қарқынды жұмыс атқаруда.
Ауылда 9 дүкен, 2 балық өнімін қабылдайтын бөлім, АЗС халыққа қызмет көрсетеді. ЖШС «Кузьмич» инновациялық жоба бойынша ұсақ балықтар өсіруде. Округте 3 дәмхана, 2 кафе бар.
Кәсіпкерлермен күнделікті тағамдарға үстеме бағаны 10 пайыздан асырмау туралы меморандум жасалынды. Ауылдық округте бағаны тұрақтандыратын комиссия мүшелері сайланып, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары өткізіліп тұрады.
2020 жылы инвестициядан 12 млн. 300,0 мың теңге түсті. Жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және тұрмыстық кірістен жоспар орындалды.
Селолық округте Казнаковка, Амангелді орта мектептері орналасқан. Мектептегі балалар саны, Амангелді орта мектебінде 1-11-сыныпта-100, дайындық сыныпта-7 бала. Жаңа модулді кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік құрылғылар қажет.
Казнаковка мектебі толығымен жаңа жиһаздармен, барлық қажетті құралдармен және спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған. 1-11- сыныпта -117 оқушы, дайындық сыныпта -10 бала.
Құлынжон және Көкжыра ауылында фельдшерлік көмек көрсету пункттері жұмыс істейді. Медбикелер өздерінің жұмыстарына ұқыпты қарап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жақсы жолға қойған. Ауыл адамдарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, скринингтік тексеруге халықты уақытымен жіберіп тұрады. Қысқы мерзімге Көкжыра ауылындағы фельдшерлік пункт көмір-отынмен қамтамасыз етілген.
Округ бойынша 16 жанұя (соның ішінде 60 адам) өкіметтен жаңа форматта әлеуметтік көмек алады. Селолық округте мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін 2 маман жұмыс істейді.
2021 жылға қойылған міндеттер мен мақсаттар ауқымды. Құлынжон ауылындағы балабақшаны ашу, Құлынжон ауылындағы 2 зираттың қоршауын жасау, Көкжыра, Құлынжон ауылдарына су құбырын тарту, Көкжыра ауылының Амангелді орта мектебінің қоршауын ауыстыру, Құлынжон ауылының мал қорымын қайтадан жөндеу, Көкжыра ауылының екі көшесін жарықтандыру, Құлынжон ауылында мал соятын цехты салу, Көкжыра ауылындағы клубқа күрделі жөндеу жүргізу, Құлынжон ауылында екі пәтерлі тұрғын үй салу, Құлынжон ауылындағы көшелерді асфальттау сынды үлкен жоспарлар бар.

Аяжан Амантайқызы- модератор:
- Ауыл тұрғындары таза ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілді ме?
Самарқан Демесинұлы - Құлынжон ауылдық округінің әкімі:
- Ауылға таза ауыз су тарту жұмыстары жалғасуда. Ауылымызда ауыз су мәселесі жоқ. Ауыл тұрғындарының 70 пайызы үйлеріне су кіргізді. Қазіргі пайдаланып отырған су 7 метр тереңдіктен шығады. Таза ауыз су 70 - 80 метр тереңдікте алынады деген соң, ауыл тұрғындарымен ақылдасып, таза ауыз су тарту жұмыстары жүргізілуде. Қараша айына дейін жұмыстар аяқталып, ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Виктория Гармашова – аудандық «Жұлдыз - Новая жизнь» газетінің тілшісі:
- Кезінде округ аумағында Асқар Қажығалиев "Көкжыра-Сүт" ӘКК кәсіпорынын ашты. Қазіргі уақытта ол жұмыс жасап тұр ма?
Самарқан Демесинұлы - Құлынжон ауылдық округінің әкімі:
- Бүгінгі таңда "Көкжыра-Сүт" жұмыс істемейді. Өткен жылы кәсіпорын басшысы бруцеллезге байланысты барлық малын (200 бас ірі қара мал) сатып жіберуге мәжбүр болды. Биыл ол тағы да мал сатып алуды жоспарлап отыр. Барлық қоралары қазір дезинфекцияланған. Егер ірі қара мал сатып алу жүргізілсе, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі қайтадан жұмыс істей бастайды.

Аяжан Амантайқызы - модератор:
- Ауылда жеке кәсіпкерлер қандай мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіппен айналысуда?
Самарқан Демесинұлы - Құлынжон ауылдық округінің әкімі:
- «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып келген тұрғындар бар. Бірақ несие ала алмай отыр. Себебі несие бірінші кезекте аз қамтылған отбасыларға және көпбалалы аналарға беріледі. Несие алу үшін көмек сұрап келетін ауыл тұрғындары көп. Малы бар, бірақ несие берілмеудің себебі - несие рәсімдеген жағдайда кепілге тұрғын үйі қойылады. Ал тұрғындардың көпшілігінің үйлері ескі болғаннан кейін, кепілге қоюға жарамайтын болып шығады.

Гүлім Ерланқызы - аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің тілшісі:
- Казнаковка орта мектебінің атауын заман талабына сай өзгерту жоспарда бар ма?
Самарқан Демесинұлы - Құлынжон ауылдық округінің әкімі:
- Мен мектеп атауы қашан өзгеретінін анық айта алмаймын. Басшылықпен ақылдаса отырып, мәселені шешетін боламын.

Виктория Гармашова – аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің тілшісі:
- Құлынжон қорығы туралы айтып берсеңіз. Оның ерекшеліктері қандай? Оның аумағында жануарлар мен өсімдіктердің қандай түрлері кездеседі?
Самарқан Демесинұлы - Құлынжон ауылдық округінің әкімі:
- Мен бұл сұраққа толық жауап бере алмаймын. Үлкен жұмыс жүктемесіне байланысты менің қорыққа баруға әлі мүмкіндігім болмады. Бұл аумақта қарағай отырғызылған, шие жидегінің кейбір түрлері өседі. Бұрын онда жабайы қабандар, еліктер өмір сүрген. Жалпы алсақ, бұл нысан округ әкімшілігі мен Самар орман шаруашылығының қарамағында.

Аяжан Амантайқызы- модератор:
- Құлынжон ауылының көшелеріне жарық шамдары толықтай орнатылды ма?
Самарқан Демесинұлы - Құлынжон ауылдық округінің әкімі:
- Ауылымыздағы 5 көшеге жарық шамдары орнатылды. Алдағы уақытта 4 көшені жарықтандыруды көздеп отырмыз. Тек бір мәселе - сол орнатылған көше шамдарының техникалық төл құжаты шешілмей тұр. 5 ақпан күні дайын болған 4 көшенің мемлекеттік актісін аламын. Содан кейін техникалық төл құжатын дайындап, сәуір айында көше жарықшамдары іске қосылады.

Гүлім Ерланқызы- аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің тілшісі:
- Құлынжон ауылдық округінің тұрғындары жер мәселесін үнемі көтереді. Бұл мәселе қашан шешімін табады?
Самарқан Демесинұлы - Құлынжон ауылдық округінің әкімі:
- Жер мәселесі өте қиын мәселе болып тұр. Қазір жер тендер арқылы жүзеге асады. Күзде Көкжыра ауылының шетінде 60 гектар жерге тендер өткізілді. Тендерде ең көп инвестиция қойған кәсіпкер ұпайы жоғары болса, ұтады. Мәселе қарастырылып жатыр, бірақ толықтай шешімін таппай тұр. Жерсіз жүрген тұрғындар көп. Бірақ қазіргі уақытта бос жер жоқ.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз