Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауылымызда наурыз мерекесі қарсаңында жомарт жандардың бастамасымен аз қамтылған отбасыларға тұрмысқа қажетті заттарды алуға көмек көрсету акциясы бастау алып, өз жалғасын табуда.

А.Нұрканова, С.Онищенко жанұясына - А.Рапеков 20 мың теңге көлеміндегі азық-түлік, Берік Еңсебаев Әсем Түкеноваға – 10 мың теңгенің азық-түлігі, округ әкімі аз қамтылған бес жанұяға – 20 мың теңге көлемінде азық-түлік табыстады.
Қабден Айдарханов аз қамтылған отбасы Бұлбұл Дюсюпованың жанұясына құны 20 мың теңге бір бас аналық ешкі берді. Ал "Айбек" шаруа қожалығының басшысы Ислам Құдайбергенов осы отбасыға 10 мың теңгені құрайтын азық-түлік корзинасын табыс етті. Бұлбұл мен жақындары өз тарапынан Қабден мен Исламдай жомарт азаматтарға және олардың отбасыларына алғыс айта отырып, амандық, бақ-береке тілейді.
Аққала округіндегі іргелі шаруашылық "Б.К.Құсайынұлы" ЖШС және "Адал" шаруа қожалығы аз қамтылған отбасылар Жанатаев, Балағазов және Абуовтардың жанұясына 50 мың теңгенің азық-түлігін тапсырды.


Бақытбек Құсайынұлына және Зайра Әбдікәрімқызына денсауық, жақсылықтары Алладан мол сауап боп қайтсын деп тілейміз!!!
"Жаңажол" ШҚ басшысы Бағлан Баймұхамбетқызы Жаңажол ауылындағы көпбалалы ана Рахимова Гүлназдың отбасына 10 мың теңге қаражатқа азық-түлік алып берді. Кәсіпкер ханымға Гүлназдың жанұясы шексіз алғысын білдіруде.
Еліміздегі шектеу шараларының белең алған тұсында жерлестеріне көмек қолын созып жатқан осы азаматтардың бастамасы мақтауға тұрарлық қайырымды іс екені анық.


Ауылдық округ ақпараты

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз