Сұлулық пен нәзіктікті, қажыр мен қайсарлықты бiр бойына жинаған арулардың мейрамы күлiмдеген көктеммен қатар келедi. Бұл мейрамның көктеммен қатар келу себебі, ана – өмiрдiң алтын дiңгегi, бар адамзатқа өмiр сыйлаушы. Ал көктемде табиғат ана қайта құлпырып, айналасына шуақ шашады.
8 наурыз күні аудан әкімі А.С.Смаилов, әкім орынбасары М.Теміржанов, мәслихат хатшысы Т.Сарманов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Н.Мұқашев және Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімі Е.Ниязбаев Преображенка ауылының тұрғыны, 91 жастағы ақ-жаулықты ана, тыл еңбеккері Мензипа Даутованы мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Сондай-ақ, көктем мерекесіне қарсы Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі Ерлан Қизатоллаұлы округтың «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» иегерлерін, көпбалалы аналарды, мектептің аяулы ұстаздарын, балабақша ұжымының тәрбиешілерін, ақ халатты абзал жандарды, «Өрнек» ЖШС жұмысшыларының қыз-келіншектерін, белсенді аналарды, кәсіпкерлігін өрге домалатып отырған әпке-қарындастарды да ерекше атап және ақ жаулықты әжелерді, ару қыздарды салтанатты мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті.
Мереке иелері өз кезегінде мекеме әкімшілігіне мерекемен құттықтағаны үшін алғыстарын білдірді. Ауылымыздың жеке кәсіпкерлері А.Макаров, Б.Кошкарова, А.Қадылбаева, С.Макарова, М.Кайсанова, М.Закирова, А.Сатыбалдина, Г.Мұсағалиева, Ш.Бургожина, Г.Мынджанова, Н.Чмых, Темірбеков, Қ.Турабаев, М.Қалибаева, Г.Әубәкірова, Ә.Каткенов, А.Габдрахманов, Г.Нұрсеитова демеушілік көрсеткені үшін ауылдық округ аппараты өз алғысын білдіреді.
Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округ әкімінің аппараты
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.