Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауыл десем, мал елестер көзіме,
Ауыл десем, дән елестер көзіме.
Ауыл десем, ер саламын кер атқа,
Ауыл десем, ән естілер құлаққа.
Иә, ауыл - қазақтың алтын бесігі, түп төркіні. Таяуда мектебімізде кеше ғана алтын ұясымен қимай қоштасқан түлектермен кездесу өтті. Ауылдарын, мектепті сағынғандары соншалық, сезімдерін өз сөздерінде жасыра алмады.
Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің студенттері атанған Бақдаулет пен Еркебұлан: «Мектепте алған біліміміз бен белсенділігіміз кәдеге жарады. Барлық қоғамдық жұмыстың басы-қасында жүрміз. Бойымыздағы бар жақсы қасиеттеріміз үшін мектебіміз бен туған ауылымызға қарыздармыз. Қажырлылық пен қайсарлықты, имандылық пен байсалдылықты шексіз даламыздан үйрендік », - дейді жігіттер. Сөздері салмақты, есейген.
Шет тілі факультетінде оқитын Наргиз, физика мамандығына оқып жатқан Жансая мамандық таңдауда қателесуге болмайды, жақсылап ойланып, қадам жасаған дұрыс деп ізбасарларына ақылдарын айтты.


Оқушылардың сұрақтарына өте тыңғылықты жауап берген түлектеріміздің өрелі ой, мәнді пікір айтуға жеткендіктері қуантты. Кешті ұйымдастырушы аға тәлімгер Айжан Слямханова мен балалар ойын ұйымдастырды.
Медициналық университеттің студенті Аружан "Өзіңнің білімің мен ақылыңа сен, екі жақтап алып шығар", - деп өте мазмұнды, пайдалы көзқарастарымен бөлісті. Толғанай атты түлегіміз сынып жетекші мен куратордың қызметтеріндегі алшақтық туралы айта келіп, «Уақыттарыңды тиімді пайдаланыңдар, білім алу жолы қиын болса да, білімнің арқасында барлық қиындықтарды жеңіп шығуға болады. Бастысы, мамандық таңдауда жүректі тыңдаған дұрыс», - деп ой жалғады. Ал түлегіміз Аяулым Сатқанова мектепте іс-тәжірибеден өтіп жүр. Бет алысы жақсы
Түлектеріміздің қанаттары қатайған, ұшар биігін, қонар қиясын танығандай. Бір жарым сағатқа созылған кеш соңы түлектеріміздің жүрек жарды тілектерімен аяқталды.


М.Сыдықова, М.Әуезов атындағы орта мектебі директорының тәрие ісі жөніндегі орынбасары

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз