Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәрбие – тал бесіктен. Бала өміріндегі отбасының, ата-анасының алар орны ерекше екені айтпасақ та белгілі. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деп бекер айтпаймыз ғой. Қазіргі таңда біздің, ұстаздар қауымының, алдында тұрған басты міндет – балаға сапалы білім, саналы тәрбие беру. Бұл мақсатқа, әрине «мұғалім-оқушы-ата-ана» үштігінің бірлігі арқасында ғана қол жеткізбекпіз. Осы орайда «Көкжайық орта мектебінде» «Тәрбие – тал бесіктен» деген тақырыппен ата-аналар жиналысы өткзілді. Ең алдымен ата-аналарға «балаңыздың қызығушылықтарын қаншалықты білесіз?» деген мақсатпен сауалнама берілді. Тура сол сауалнаманы алдын ала оқушылар да толтырған болатын. Сәйкестік, әрине өте көп болды. Сонымен қатар, ата-аналар топтық жұмыстар жасап, «Мен балама қандай жылулық беремін?» атты күн сәулесінің шуақтарын және екі жақты күнделік толтырды, «Екі құмыра» аңызын тыңдап, өз пікірлерін айтты. Отбасылық құндылық ағашын бірге құрастырып, әр ата-ана өз отбасының ең ерекше бағалайтын құндылықтарын ор-таға салды. Тәрбие сағатының соңында ата-аналарын мұқият тыңдап, әр сөздерін, іс-әрекеттерін бақылап отырған оқушылар ата-аналарына деген жүрекжарды тілектерін жеткізді, өз қолдарымен жасаған шағын сыйлықтарын ұсынды.

Бұл күні ата-аналар да, оқушылар да толқыды көздеріне жас алды. Ата-аналар – балаларына деген ризашылықтан, ал оқушылар – өздеріне деген ыстық сезімнен, махаббаттан. Сол жылулықты сезінгеннен. Тәрбие сағатының соңында барлық ата-аналар тілек шырағын қолдарына алып, жылы лебіздерін білдірді. Тәрбие сағатына қатысқан Көкжайық ауылының әкімі Нұрбек Сыдықұлы ата-аналарға балаларының қуанышын көруді тілей келе, оқушыларға артылып отырған үміттің ұшан-теңіз екенін айтып, болашақтарына сәттілік тіледі.
Мына өмірде қанша бала ата-ананың жылуын көрмей, аялы алақанын сезінбей жүр емес пе? Тура сол сияқты қанша ата-ана мәпелеп өсірген баласынан рахат көрмей отыр. Бүгінгі тәрбие сағаты оқушыларға да, ата-аналарға да ой салды деген үміттемін.

А.Әзімбаева,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз