Айлардың сұлтаны - Рамазан айы болса, сол Рамазан айының ең құнды, ең қасиетті түні - Қадір түні. Өйткені, бұл түн бүкіл адамзатқа Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған түн. Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Алла тағаланың разылығын табуды қалаған құлдар үшін ең қасиетті түн - Қадір түні. Оның қасиеттілігі сол бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды екен. Шалғайда жатқан қарапайым ауылымыздың мешітінде Қадір түніне құлшылық жасап дұға тілеу тілеген жамағаттың саны артып, исламға бет бұрған жастарды көріп көңіліміз толуда. Ауылымыздағы мешітке жиналған кәрі жастың саны күннен күнге артуда. Қасиетті күн Қадір түні деп аталуын ғалымдар бұл түнде Алла тағала адамдардың келесі жылғы тағдырын, яғни өмірі мен өлімін, рызық-несібесін, бақытты немесе бақытсыз болуын т.б. жазатындығымен байланыс-тырады.
«Қадір» және «тағдыр» сөздерінің түбірлестігінен де осыны аңғаруға болады екен. Ауыл мешітінде Қадір түнінде жиналған қауымға Көкжал Барақ көшесінің тұрғындары бір адамдай бірліктерін танытып мешітте ауызашар беріп, Ораза тұтқан адамдардың сауабына кенелді. Сонымен қатар дәстүрлі түрде ауыл мешітіне Үлгілімалшы ауылындағы әрбір көшелер және мекемелер бірігіп яғни әкімшілік ұжымы бастап көше тұрғындары жалғап ауыз-ашар беріп береке бірлігі жарасқан ауыл екендіктерін таныта білді. Осы Рамазан айында мешітке баратын жолдарды тегістеп тас-құм төгіп халыққа қолайлы жағдай жасап жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауылымыздың азаматтары бір адамдай техникаларымен шығып Батай Әлімбектің ұйымдастыруымен көмек көрсеткен Мадет Назкеев, Мұхаметнұр Ибраев, Ерлан Айдарханов, Мейірхан Баспаков, Марат Ақатаев және ауыл тұрғындары, мешіт жамағаты сонымен қатар ақсақалдарды бастап келген Маулыбек Байтұнов атамызға, ауыл жастарына алғыс білдіреміз. Бұл өзіміздің ауыл, өзіміздің туған кіндік қанымыз тамған жер сондықтан әрқашан таза ұстауға көгалдандыруға біз шықпасақ кімге керек. Ауылымыздың әр азаматы осындай ұстанымға берік болса ауылымыз көркейіп, көбейіп, жандануға жағдайы бар деп ойлаймын, бәрі өз қолымызда. Ауылымыздағы әр адам өз отбасына қарағандай ниет білдіріп отырса алдыңғы қатардағы ауылдардың қатарында неге тұрмасқа.
М.Мырзабекова, клуб меңгерушісі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.