Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Адамзат баласы үшін Анадан құдіретті, анадан ардақты, анадан аяулы ешкім жоқ. Сондықтан,әлемдегі ең жоғары мадақ та, құрмет те ару-аналарға арналады. Бұл мереке жақындаған сайын ер-азаматтар ақ жаулықты әжесіне, аяулы анасына, сүйген жарына, ардақты қарындасына, сүйкімді қызына, қадірлі құрбысына не сыйласам деп терең ойға шоматын кезеңі басталады.


Биыл Көкжайық ауылында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні ерекше болып өтті. Ауылымыздың орта буын ер азаматтары мерекеге арнап кеш ұйымдастырды. Мерекелік кеш ауылдың құрметті ақсақалы Қ.Жазнаев пен ауылдық округ әкімі Н.Сүлейменовтың құттықтауымен бас-талды. Көкжайық орта мектебінің оқушылары аналарға арнап құттықтау тілектерін жолдап, әдеби монтаж бен флешмоб биімен өнерлерін көрсетті. Ал, ауыл азаматтары Е.Нұрлан, М.Шұбаров кешті жүргізді. Сондай-ақ, А.Нұртазин, Р.Құмарбеков, С.Нұрғалиев, Е. Әділбаев, Қ.Шұбаров, Ж.Тоғысов, С.Нұрғалиев, К.Баякенов, Е.Әділбаев пен Т.Хайрош, Ж.Бопанов, Б.Далабаев әндерін шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Аудандық Жастар орталығының директоры А.Қалықов арнайы келіп аналар мен арулар қауымын құттықтап, ауылымыздың қоғамдық өміріне белсене ат салысатын жас аналарға алғыс хат табыс етті. Ауылымыздың тумасы Нұрлан Қайратұлы мереке қонақтарына арнап тамаша ән жолдады. Сондай-ақ, ауыл азаматтары бірігіп кештің көрермен әжелеріне гүл шоқтарын сыйлады.
Кештің өте тамаша өткені соншалықты, ауылымыздың тұрғындары ризашылықтарын біл-діріп, тамаша кештен алған әсерлерімен бөлісіп жатты.
Барша аналар, қыздар қауымы атынан сіздерге денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт тілей келе, өнерлеріңіз үстем болсын дейміз. Ауылымызды көркейтіп, ұрпақтарды жақсы үлгі - өнегеге жетелей беруге тілек білдіріп, алғыс айтамыз.


Көкжайық ауылының әйелдер қауымы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз