Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани қазынасының бірі – бата сөздер. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер», «Көп тілеуі – көл» деп ұққан қазақ халқы келер ұрпаққа бата беріп, ақ тілек, адал ниет білдіруді дәстүр тұтқан.
Осы мақсатта Абай атындағы орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында оқушылар арасында аудандық «Батаменен ел көгерер» атты батаны жатқа оқу байқауы өтті. Бұл байқауға ауданның 5 мектебінен келген 23 оқушы қатысты.


Байқауға оқушылар батаның мынандай Айт батасы; Сапар батасы; Тұсау кесер батасы; Азаматқа бата; Жас келінге бата; Мектепке барған бүлдіршінге бата; Төле би батасы; Жас жұбайларға бата; Үй иесіне бата; Нәрестеге беретін бата; Байқау өтіп жатқан мектепке бата, Дастарханға бата түрлерінен сайысқа түсті. Р.Байкубинова, А.Долдина, С.А.Смағұлова сынды ұстаздар қауымынан құрылған әділқазылар сайысқа қатысқан оқушыларды байқау ережесіне сай бағалап, мынандай қорытынды шығарды.
Жоғары буын оқушылары арасында: ІІ орын А.Фазылжан. Орта буын оқушылары арасында: І орын Р.Талғатов, ІІ орын Ж.Тосумов, А.Мұхамбетов, Б.Құсайынов, ІІІ орын Бақыт Арман, Ә.Зәйіттен.
Бастауыш буын оқушылары арасында: І орын А.Құмарғазин, А.Биғалиев, ІІ орын М.Тосумов, Ш.Талғатов, ІІІ орын С.Алпамышев, Зәйіттен Ерлен, Мейрамхан Ерназар, Жанатхан Бақберді ие болды. Сайыс жеңімпаздары мен қатысушылар Көкпекті аудандық білім бөлімі басшысы Ш.Мұстафинованың мақтау қағазымен марапатталды.
Сөз соңында айтарымыз, ата-анасының ақ батасын алған бала өзіне сенімді болып, бастаған ісі оңды болады. Артында қолдаушысы бар екенін сезініп, оған ақ бата күш-қайрат беріп, қанаттандырып отырады.

Бастаушы ауылды округінің ақпараты

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз