Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Балалық шақтың жарқын естеліктерінде Жаңа жыл мерекесінің алар орны ерекше. Бүгін мерейлі мереке қарсаңында Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде дәстүрлі аудан әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті.
Мәдениет үйінің іші де, ауласы да мерекеге сай өте тамаша безендірілген. Жаңа жылдың келе жатқанын шынайы сезіндіретіндей етіп әдемі де ерекше безендірілген мүсінді ойыншықтар – көз алдыңда тірі тұрғандай әсер етті. Сондай-ақ, ертегі кейіпкерлері болып киінген мәдениет үйінің әртістері мен Балалар өнер мектебінің ұжымының киімдері мерекенің сәнін келтіріп тұрды.


Шырша мерекесіне аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгельдин аудандағы аз қамтылған, көп балалы отбасының қамқоршысынан айырылған мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары арнайы келіп, қызықты кешті тамашалады. Кештің ең басты кейіпкерлері – Аяз ата мен Ақшақар мен басқа да ертегі кейіпкерлерінің жаңажылдық қойылымдары ертегі әлемінде жүргендей әсер қалдырды.
Мерекеде аудан әкімінің орынбасары Дәурен Бақытжанұлы Аяз атамен бірге жасыл шыршаны жағып, шуақты мерекеге жиналған бүлдіршіндер мен қонақтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Елбасы айтқан Мәңгілік Ел болатын да, болашақтың кепілі де бүгінгі жастар мен бүлдіршіндерге, олардың ата-аналарына денсаулық пен табыс тіледі.
- Жаңа Жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! - деп аудан мектептерінде оқитын ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға өзінің сыйлықтарын таратты. Аудан әкімінің атынан барлық баланың әрқайсысына жылы киімдер мен және жаңа жылдық тәттілер тарту етілді.
Төрімізге аяқ басқан жаңа жыл қазақ жұртына жаңа табыс, толағай жеңіс, береке мен мереке сыйласын деген көңіл күймен мереке мәресіне жетті.
Ирина Миллер, Преображенка ауылының тұрғыны:
- Жаңа Жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен барлықтарыңызды қуанышқа бөлеп, алдағы Жылыңызға шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын! Жаңа Жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер Жылы болсын!
Жанарбек Тоқтаров, Шұғылбай ауылының тұрғыны, Көп балалы әке:
- Жаңа Жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл Жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.
Айсұлу Садықова, А.Пушкин атындаға орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
- Адам баласы жаңа Жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа Жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа Жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа Жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік
Ер Жәнібек Есенбекұлы және Дарын Смағұлов, Шәріптоғай негізгі мектептің оқушылары:
- Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілейміз. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз