ШҰҒЫЛБАЙ
Аталмыш жоба шалғайдағы Шұғылбай ауылдық округінде атаулы әлеуметтік көмекке зәру отбасыларын қамтып отыр. Өз басым осы жобаға тікелей қатысып, тұрмысымды бұрыңғы деңгейден айтарлықтай көтердім деп айта аламын. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аясында алынған қаражатқа ірі қара мал сатып алып, өзімді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткіздім. Ендігі мақсатым, осы мал басын көбейтіп, жағдайымды одан әрі жақсарту.
Көңілімізге болашаққа деген сенім ұялатқан, қарапайым халыққа қолдау көрсетіп отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы. Мемлекеттік саясатты ауыл тұрғындарына жете түсіндіріп, қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп жүрген, жұмыспен қамту орталығының ассистенті С.Рахимжановаға алғысымды білдіремін.
Мұрат Аққазин, Шұғылбай ауылының тұрғыны
БАСТАУШЫ
2018 жылдың қаңтар айынан бастап жаңа форматты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жобасы енгізілді. Жаңа форматты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек күнкөріс төмен табысы деңгейіндегі азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Бұл жоба мемлекет тарапынан үлкен қолдау. Мен Бастаушы ауылына барып, жұмыспен қамту орталығының ассистенті Жанат Маулхановадан аталған жоба жөнінде толық мағлұмат алдым. Сондай-ақ, жобаға қатысу үшін қандай құжаттар қажет екендігі туралы мәлімет алдым. Құжаттарды тез арада жинап ассистентке тапсырдым. Қазіргі уақытта осы жоба арқылы ірі қара мал сатып алдым. Бұл жобаға қолдау жасап отырған консультант пен ассистенттерге ризашылығым шексіз. Еңбектеріңіз табысты болсын. Жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алу туралы дұрыс шешім қабылдадым. Бұл жобаны өз басым қолдаймын.
Балғын Уалиева, Көкжота ауылының тұрғыны, атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушы
ҚҰЛЫНЖОН
2018 жылдың 1 қаңтардан бастап халықты әлеуметтік қорғау саласына жәрдемақы ретінде Жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің бірыңғай түрі енгізілді. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларға, күнкөрісі төмен жанұяларға берілетін шартты және шартсыз түріндегі жәрдемақы болып табылады. Отбасына жай ақшалай көмек беріп қана қоймай, жұмысқа жарамды отбасы мүшелеріне жұмысқа тұруға көмек көрсетіліп, әлеуметтік ортаға бейімдеу шаралары қолданылады және отбасының кедейшілік деңгейінен шығуына ынталандырылады.
Күнкөрісі төмен деңгейдегі отбасыларды қолдауға бағытталған. Осындай әлеуметтік шаралар Құлынжон ауылдық округінде де жүйелі атқарылуда. Жыл басынан округте жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға – 32 отбасы өтініш түсіріп, оның ішінде жанұя мүшелерінің саны – 152 адам қатысып, жұмысқа жарамды 19 – адам шаруа қожалықтарына жұмысқа орналастырылып, жаңа форматтағы жәрдемақының шартты түрі тағайындалды. Бүгінгі күнге әрбір отбасы жеке қосалқы шаруашылығына ірі қара мал сатып алып, одан түскен өнімді өз пайдаларына асыруда. Келешекте ірі қара мал басын көбейтпекші.
Жаңа форматтағы мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмектің арқасында осындай зор мүмкіншілікке қол жеткізгендеріне ризашылықтарын білдіруде.
С.Байжуменова, жұмыспен қамту орталығының ассистенті
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.