Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мейірбандық үлкен адами қасиет. Қариясын қатты қадірлейтін халықпыз ғой. Үлкен кісілердің анадайдан қуана аңқылдаған риясыз жүзін көргенде өзіңді бір сәт баладай сезінетіні де рас.Еркелегің келеді қолыңнан келген бар жақсыны төге салғың келеді дейді ауылдық ақ көңіл жас-тары.Қоңыр күздің жайма шуақ бір күні ауылдың әкімі бастаған бір топ бетке ұстар азаматтары бас қосып, балалары алыста, баяғы күнгідей емес қауқары қайта бастаған қос қария Тұрғазы ата мен Нұрзия әжейге қайтарымсыз қолғабыс жасауды ұйғарысыпты. Отбасының мал қорасы тілсіз жаудың кесірінен ерте көктемде жанып кеткен еді.


Көпшілік бітер істі бастап кеп жіберді. Ер көңіл жігіттер Қайрат Мұқанов, Болатқан Әзімбаевтар құрылыс материалдарын дайындап, бауырлас ағайын Юрий Пикалов қуатты «Көкқасқасымен» күйген қораның орнын тазалады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» тегістелген жерге әп сәтте қора да тұрғызылды. Қолы ашық қос жомартымыз Әскербек Бекхожин мен Марат Әбікенов қос қос тіркемеден пішен әкеліп төгіп тастады.Тәуба, ағайын әлі де «береріміз бар» - деседі.
Ержан Құдайбердіұлының өзі де құдай қаласа атай мен әжейге отын судан да көмек жасаймыз, - деп отыр.
Балаларға деген ризашылығынан, бәлкім қуанғаннан болар, кейуананың жанары жасаурай күлімсіреп иегі кемсеңдейді..
Бірлігі күшті Тассайдың барлық жастарына жұрт тәнті болды. Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді екен

Катрен Байжұманов

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз