1 тамыз күні Ұлы Отан соғысының ардагері Гарганов Федор Кузьмич 95 жасқа толды. Ардагерді құттықтауға ардагерлердің облыстық кеңесінің төрағасы Г.Бердюгин, жазушы, соғыс ардагері А.Егоров, аудандық мәслихаттың хатшысы Р.Беспаев, ауданның ауылдарынан соғыс ардагерлері, ардагерлердің бастауыш ұйымдарының төрағалары қатысты.
Ардагердің мерейтойын атап өтуге арналған шараны ұйымдастыру жөніндегі бастаманы Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрайымы Т.Шнайдер көтерді. Бағдарлама мазмұнды, кең ауқымды болды. Майдан даласында қаза тапқан жауынгерлер-жерлестерін бір минут үнсіздікпен еске алып, Жеңіс саябағындағы ескерткішке гүл дестелерін қойған соң барлығы мектепке қарай ауысты. Мұнда патриоттықтың үлгісі, жерлестерінің мақтанышы Кеңес Одағының Батыры Қ.Аухадиевтің ерлігі мен қаһармандығын паш ететін, преображенкалықтардың қажырлы еңбегін, Қазақстанның мәдениеті мен тұрмысын баяндайтын мұражайды тамашалады. Қонақтар сарғайған майдан хаттарына мұңая әрі таң қала қарады, экскурсовод-оқушылардың әңгімелерін тыңдады.
Ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратында өткен жылы ғана ардагерлерге арналып кабинет ашылды. Биыл ол кабинет жөнделіп, кеңейтілді. Таисия Васильевна бастауыш ұйымның жұмысы туралы жинақталған материалдар мен құжаттарды көрсете отырып баяндап берді. Біздің назарымызды ауылдық округтің Естелік кітабы аударды, онда ауылдық округтен соғысқа аттанғандардың барлығының есімі жазылған. Барлығы екі жүз адамның 191-і елге оралмаған. – Енді ардагерлер ұйымы мектеппен бірлесіп соғысқа қатысқандардың суреттерін жинауды алдыларына міндет етіп отыр,-дейді Т.Шнайдер. Геннадий Бердюгин округ ардагерлер кеңесінің жұмысына жоғары баға берді. – Сіздердің бұл атқарғандарыңыз өте ауқымды әрі қажет жұмыс. Біз басқа аудандардың ардагерлер ұжымдарына үлгі болуы үшін мұнда әлі екі-үш семинар өткіземіз. Аудан әкімі бізді қолдайды деп сенемін,-деді Геннадий Леонидович.
Ал бұл кезде Мәдениет үйінде ардагердің мерейтойына арналған салтанатқа соңғы дайындық жүріп жатты. Федор Кузьмичтің үлкен суреті сахна төрінде тұрды. Слайдтық көрсетілім оның жауынгерлік және еңбек жолынан сыр шертті. Бұл күні барлық игі тілектер мен әсем әндер ардагер Ф.Гаргановқа арналды.Оған облыс әкімі Б.Сапарбаевтың, аудан әкімі Д. Мусиннің атынан алғыс хат пен көптеген сыйлықтар мен гүл шоқтары ардагерге табысталды. Аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері ұсынған концерт кереметтей көңіл күй сыйлады.
Соғыс ардагері, жазушы Александр Егоров былай деді:
- Мен сіздердің аудандарыңызда алғаш рет болып отырмын, маған өте ұнады. Табиғаты әсем, таза, жасыл желекке көмкерілген ауылдар көп екен. Егіс алқаптары қандай, диқандардың еңбекке деген құлшынысы көрініп тұр. Адамдар да қонақжай, ашық-жарқын екен. Бүгінгі мереке ауданда ардагерлердің ерлігін ұмытпайтынын, оларға қашанда құрмет көрсетілетінін байқатты. Мен бүгінгі мерейтой иесі Федор Кузьмичке ұзақ ғұмыр, бақыт, отбасына, туған –туыстарына бақуаттылық тілеймін. Көкпектіліктерге ашық аспан, бейбіт күн тілеймін.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.