Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгін де әлем мұсылмандарының халықтық мерекесіне айналған, қуаныш пен шаттық күні болған, «Мәуліт мерекесі» сан ғасырдан бері жыл сайын тойланып келеді. Аллаға шүкір, егеменді ел болып, тәуелсіздігіміздің арқасында салт- дәстүрімізді жаңғыртып, тіліміздің мәртебесі өсіп, имандылығымыз, оған деген көзқарасымыз артып келеді. Діни мерекелер біздің Үлкенбөкен ауылымызда атаусыз қалмайды, соның бірі – Мәуліт мерекесі . Мешітте әртүрлі діни іс-шаралар өтеді. Мерекеге ұйытқы болып жүрген ауыл имамы Досқали Тойбеков. Мәулітке басқа да ауыл имамдары келіп дәстүрлі мәуліт-шәріпті оқыды.


Пайғамбарымыздың туған күнін өткізуге шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары демеушілік жасады. Оларға Алланың нұры жаусын дейміз. Ал, мерекелік дастарханның сәнін келтіріп жүрген Күлтай, Бақытжамал, Айжан, Дария, Шолпан, Іңкәр, Дина атты азаматшыларымызға алғысымыз шексіз. Мейрамды шын ықыласымен қабылдап, әр түрлі өткізілетін мерекелерге қонақжайлылық танытқан «Баян» дәмханасының иесі Атиевтар жанұясына амандық тілейміз. Мәуліттің соныңа қарай құран бағышталып, хатым түсірілді. Баршаларыңыздың жүректеріңізде жылулық орнап иман нұрына толсын. Асыл армандарыңызбен ақ тілектеріңіз орындалсын!

Округтің ақпараты

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз