Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мейірімділік - атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа берілетін ұлы қасиет. Ол тек жүрегінде иманы бар, көкірегінде еліме деген ыстық қайраты бар, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету сияқты ізгі қасиеттерді бойына сіңіріп өскен жандарға тән. Мектеп оқушыларының бойына осындай қасиеттерді дарыта отырып, отансүйгіштікке, жанашырлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу, біздің, ұстаздар мен ата-аналардың міндеті. Бала тек білім ғана алмай, өзгеге деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық сынды қасиеттерді де өн бойына дарыта білу керек.


Мектебіміздің жас жеткіншек ерікті клуб оқушыларынан құрылған«Тимуршылар» қамқорлық пен көмекті қажет ететін ауыл тұрғындарына көмек қолын созуды дәстүрге айналдырған. Бірнеше оқушылардан құралған топ қарттар мен жалғызбасты аналардың ауласын қардан тазалау, үйлеріне отын-су кіргізіп беру, үй шаруасына болысу сынды көмектерін еш аяған емес. Қашанда өскелең ұрпақ бойына осындай ерекше мейірімділік сияқты қасиетті сіңіріп оқу мен тәрбиені қатар қойған Қойгелді Аухадиев атындағы орта мектеп ұстаздарының еңбегі ерен. Жас ұрпаққа мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерімен үлгі болып, Қазақстанның шынымен, мейірімділік мекені екенін таныта түсейік. Өйткені Қазақстанның қарыштап дамуы, тек біздің көрсеткен үлгіміз бен жас ұрпақтың алған тәлім-тәрбиесінен бастау алмақ.


Г.Зарипова,
Қойгелді Аухадиев атындағы орта мектебінің
тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз