Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бастаушы көркемөнері дегенде еланасы Жәнипа апа Қожамбетова бастаған «Асыл мұра» ұлттық-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің қызметі көңілге оралады. Биылғы 2018 жылғы салатын ән де, сән де бұрынғы әннен де, сәннен де бөлек «Рухани жаңғыру» аясында болмақ.
Бастаушылықтардың ойын-сауығын залдан «апалап» жүгірген жас балдырғанның үні бастап кетті. Ақ кимешекті абзал ана немересін емірене отырып, ауыл туралы, атамекен жөнінде, туған ел тұрғысында үн қатты. Ауыл маңында жиналған апа-әжелер, балалар мен қыз- келіншек сырмағын сырып, текеметін қарпып, келісін түйіп, самауырын қайнатып - ертедегі ауыл тұрмысын әспеттей көрсетті. Ақ әже осы тұрмыстың бәрін марапаттай, немересін аялай отырып «Қоғалы-ай» әні әуенімен берекелі Бастаушысын, көркем Көкжотасын жырына қосты.


Бастаушылықтардың концертінің ерекшелегі нағыз халықтық дәстүрдегі термелер – Майлықожа мен Махамбеттің шығармаларының орындалуында, қазақ билерінің сауатты да сәнді көрінуінде болды. «Шолпан» би тобы мен Абай атындағы орта мектебінің қыздар вокалдық тобының орындаған шығармалары өте сәтті шықты. Сахнаны және қойылымдарды безендіру ұтымды шешімдерін тауып жатты. Бастаушылықтардың өнеріне риза көпшіліктің пікірі қазылар алқасының мүшесі Фархад Маратұлының өнерпаздарға алғыс айтқан тілегінен білініп тұрды.
Сексен жылдан асқан тарихы бар Биғаш ауылындағы байырғы білім ордасы Владимир Маяковский атындағы мектептің директоры Архат Қабден арнауымен ашылған, қасиетті Кіндікті бойынан келген өнерпаздардың ойын-сауығы - Астана қаласына деген зор құрметпен басталды. «Астанам» -деп әндеткен Алпысбаева Аяжан орталықтан қиыр жатқан елдің Астанаға деген сағынышын, Елордасына деген мақтанышын жеткізгендей. Көрерменді күй сазының сиқырына бөлеп, шанақта ойнаған саусақтарымен де, әсем болмысына жарасқан киімімен де, халық күйі «Секіртпені» ойнаған Айжан Дүнгененова елді баурап әкетті. Бір нөмірден бір нөмір артық болып, қол соққан ел кішкентай тышқандар биі «Микки Маусты» билеп шыққан биғаштық бүлдіршіндерді ыстық ықыласпен қарсы алды. Биғаш елінің өнер байқауы, бұл биғаштықтардың үкімет идеологиясын дұрыс түсінуі, мемлекет саясатын қолдауы және ауылдық округ экономикасының даму деңгейін көрсетіп тұрғандай.
Елдімекендердегі саяси тұрақтылықтың бірден бір белгісі – елдің салған әні мен биінен де көрініп тұратыны ақиқат. Ендеше Биғаш ауылының келешегінің айнасындай, ата-аналарының үкілі үмітіндей биғаштық балдырғандар ұлт аспаптар ансамблін құрып, қасиетті домбыраны көтеріп шыққаны көрерменді тәнті етті. Өнерім саған –Астана – деген Жаушоқының жанында жатқан елдің ойын-сауығы осындай болды.


ҚАЙРАТ МӘЛІКАЖДАР

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз