Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 29 жыл толуына орай ауылдық округтегі білім мекемелері мен кітапханаларда Ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер мен тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылармен мағыналы кездесулер ұйымдастырылып, дәстүр бойынша ерлік сағаттары болды.

 

Сонымен қатар Самар ауылындағы Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш алдында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу митингісі болып өтті. Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Д.Б.Қойгелдин, ауылдық округ әкімі А.Күдербаев, ауған соғысы ардагері А.Исағұлов және Ж.Болғанбаев атындағы мектеп –лицей директоры Б.Бағисова сөз сөйлеп, сұрапыл соғыста от кешкен ардагерлердің ерліктері жайында айтып өтті. Митингке қатысқан мекемелер ұжымдары атынан азагүлдер қойылды. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуы-мен мерт болған жерлестер есімі ешқашан да өшпейді. Ал елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер азаматтардың өздері бүгінде елуді еңсерген жігіт ағалары. Олар ұлан-байтақ еліміздің өркендеуі жолында еңбек етіп, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына үлестерін қосып келеді.
Отан үшін күрес- ерге тиген үлес. Халықтың осы даналығын қайда жүрсек те, санамызда сақтап, Отанымызды қорғау-азаматтық парызымыз екенін ұмытпайық. Ауған қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп, Отан алдында борышын адал атқарған абзал азамат, өз елінің патриот жауынгерлері ретінде жоғары бағалаймыз.
Іс-шара соңы мәдениет үйіндегі патриоттық концертпен жалғасты. Көрермендер алдында жас таланттармен қатар, Самар Мәдениет үйінде құрылған вокалдық-аспаптық «Альтаир» ансамблі өнер көрсетті. Шақырылған қонақтарға аудан әкімі Р.Сағындықовтың атынан Алғыс хаттар табыс етілді.

Ерназар Сауық, Самар ауылдық округі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз