Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекеттік қызметкерлер күні ресми түрде 2014 жылдың 23 маусымынан бастап атап өтіледі, бұдан бұрын жаңа кәсіби мерекені белгілеу туралы сәйкес шешімді Қазақстан президенті қабылдаған болатын. Биыл да еліміздің барлық өңірлерінде аталмыш мереке кең көлемде аталып өтті. Ауданымызда бұл күні мемлекеттік саясатты іске асырудың қозғаушы күші болып отырған үздік қызметкерлер марапатталып, мәртебеге ие болды.
Аудандық әкімшілік ғимаратының мәжіліс залына бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мамандары және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген басқа да мемлекеттік қызметкерлер болды. Салтанатты басқосуда алғаш болып сөз алған аудан әкімі Рамиль Сағандықов әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігінен хабар беріп өтті. – Мемлекеттік қызмет – елдің сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру жолындағы жауапты қызмет. Ол тек бір саланы қамтитын жұмыс емес, ол Елбасымыздың сарабдал саясатын жергілікті жерде жүргізуші, халық пен билік арасында тығыз байланыс орнатушы. Өз халқыңның игілігіне қызмет ету түсіне білген адамға зор бақыт. Мемлекеттік қызметкер үнемі өзінің жоғары мәртебесіне сай байыпты, кәсіби тұрғыда білікті болуы тиіс. Құрметті әріптестер, Сіздерге елге қызмет ету жолындағы өлшеусіз еңбектеріңіздің өрісі кең болып, адал істеріңіз алға баса берсін деп тілеймін, - деді Рамиль Нығметжанұлы.


Жоғары кәсіби біліктілігі, адал еңбегі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін аудан көшін алға сүйреуге ұмтылып жүрген мемлекеттік қызметкерлер аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олар Е.Далилов, Ғ.Смаилова, С.Байсеңгіров, Қ.Джилкишев, Г.Қабдешова, Ә.Саржанов, Е.Мазыбаев.
Қоғамда мемлекеттік қызметкердің мәртебесін нығайту үшін, сондай-ақ, халықты мемлекеттік органдардың мақсаттары және міндеттерімен таныстыру мақсатында ауданда мемлекеттік қызмет туралы үздік басылым байқауы өткізілген болатын. Жүлделі орын алған қызметкерлер аудан әкімінің мадақтамасымен марапатталды. Аталмыш байқауда 1 орын Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назархановтың еншісіне тисе, 2 орынға ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау Департаментінің Көкпекті аудандық қоғамдық басқармасының басшысы Гүлмира Абдрасулова ие болды. Самар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-хатшысы Гүлсара Нұрпейісова 3 орынды иеленді.
Мерекелік шара барысында әріптестеріне деген лебіздерін білдіріп ауданның мемлекеттік қызмет саласының ардагері Г.Касембаева, Бастаушы ауылдық округі әкімі А.Отаршина және жастар атынан Көкжайық ауылдық округі әкімшілігінің жас маманы Н.Мейірманова құттықтады.
Салтанатты жиын Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған шағын концертпен жалғасын тапты. Шараның ресми бөлімі аяқталып, мереке спорттық жарыстарға ұласты.
Жеңіл атлетика бойынша өткен жарысқа 32 адам қатысса, шағын футбол ойындарынан 4 команда бақ сынасты. Әсіресе, спорттық сайыстарға белсенді қатысқан Көкпекті, Самар, Көкжайық, Сарыбел, Теректі, Үлкенбөкен, Құлынжон, Миролюбовка және Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтері болды. Шағын футболдан 1 орынды аудан әкімі аппаратының қызметкерлері командасы еншілесе, 2 орын Көкпекті ауданының бөлім қызметкерлерінен құралған команданың еншісіне бұйырды. Ал, Самар ауылының командасы 3 орынды иеленді. Жүлделі орынды иеленген қызметкерлер Білім беру бөлімінің арнайы мадақтамаларымен марапатталды.
Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметкерден басталады. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлерге үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Мемлекеттік қызмет тек жоғары біліктілік пен кәсібилікті ғана емес, үлкен жауапкершілік пен қызметіне деген адалдықты талап етеді.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз