Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жер-ананы бусандырып, адам біткеннің жан дүниесіне жылу сыйлай келген көктемнің алғашқы күндері аталып өтетін 8 нау-рыз, бұл — әлемді жып-жылы алақанында әлдилеп, болашақ ұрпақтың шат күлкісіне себепші болған аналардың, қадірлі де қасиетті әжелердің, ертеңіне үмітпен қарайтын қыздардың, қамқор әпке мен ізгі ниетті сіңілілердің мерекесі.


Құс қанатына ілесіп жететін гүл көктемнің алғашқы мейрамы 8 наурыз мерекесі ауданымызда кеңінен аталып өтті. Қ.Алтынбаев атын-дағы мәдениет сарайында өткен салтанатты жиында Көкпекті ауыл-дық округі әкімі м.а. Ерлан Ниязбаев аудандағы нәзік жандыларды құттықтады.
- Көктемнің күн шуағымен бірге келетін 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні — көктемнің алғашқы күндері осындай айтулы салтанатпен басталуының өзіндік ерекшелігі бар. Себебі, табиғат тіршілігінің бастауын көктемнен алса, адамзат өз өмірінің бастауының алтын діңгегін анадан алады. Қашанда елге тұтқа, ұрпаққа пана болған әйел затынсыз бүкіл әлемді елестету мүмкін емес. Аяулы арулар бүгінгі белсенді қоғамдық жұмысымен қатар, келешектегі ел дамуының берік негізін де қалап отыр. Әйел қауымы қол жеткізген жетістіктерді Елбасы үнемі атап айтып, Тәуелсіздігімізді нығайту жолында қосқан үлестеріне алғысын білдіріп келеді. Сондай-ақ, Елбасы: «Әйел – шексіз құдыреттің иесі» деген болатын. Ананың күлкісі естілген әр отбасының бақ пен берекесі артып, ортасы қуанышқа толы болсын! – деген жүрекжарды тілегін айтты.
Салтанатта сондай-ақ, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқан, жаңа Қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек, шығармашылық үлестері үшін аудандық «Жұлдыз»-«Новая жизнь» редакциясының бас есепшісі В.Тарабурка, «Қазпошта» АҚ қызметкері С.Кутателадзе, әлеуметтік саланың ардагері Ғ.Назикеева, Шәріп-тоғай негізгі мектебінің директоры Б.Жексембинова, Ұзынбұлақ ауылының клуб меңгерушісі А.Жақсылықова, Ажа ауылының мектеп кітапханашысы Г.Садвакасова, «Толағай» мектебінің оқытушысы А.Халиулдина Көкпекті ауылдық округі әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, округте өтетін мерекелік іс-шараларда белсенділіктерін және демеушілік көрсетіп жүрген ауылдың кәсіпкер азаматшалары Мира Хамит, Рауфа Беспаева, Жанар Қагарманова, Назигүл Бибосынова, Бибінұр Мүрсәлімова, Жадыра Естелік, Светлана Кошелева, Алфия Фахрутдинова, Светлана Едиг округ әкімінің Алғыс хатына лайық болды.
Аналар мен арулар мерекесіне арналған салтанаттың соңы мерекелік концертке және «Аяулы жас келін» атты келіндер сайысымен ұласты. Жалпы, көктемнің өзін көктем еткен арулар мен аналардың төл мерекесі жақсы деңгейде өтті.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз