Көкжайық орта мектебінде дирек-тордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Ермек Сыдықұлының және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Әзімбаева Аяулым Қалиқанқызының ұйымдас-тыруымен ақиық ақын Мұқағали Ма-қатаевтың 86 жылдық мерейтойына орай мектепшілік «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты жыр мүшайрасы өтті.
Аталмыш шараның мақсаты мұзбалақ ақынның өшпес мұрасын кейінгі ұр-паққа дәріптей отырып, шәкірттерді ұлтжандылыққа, ізгі қасиеттерге баулу, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын шыңдау. Мүшайраға 5-11 сыныптардан 20 оқушы қатысты. Қара өлеңнің құдыретіне еліткен көрермендер Ақбота Еркінқызы, Меруерт Еркінқызы, Гүлбайран Жеңісхан, Гүлназ Ғазизова, Фатима Жасұлан, Олжас Байсеитов, Бақытқан Жұмакәрім сияқты өрендерді сахнаға неше қайтара шақырып, образға бар жан-тәнімен кіре отырып, жүрегімен нақышына келтіре оқыған өрендердің өнеріне тәнті болды.
Келген қонақтар Мұқағали ақынның өз даусымен жазылған өлеңдерін тыңдап, жастық шағынан сыр шертетін суреттерін тамашалады. Ұзақ уақытқа созылған әділқазылар алқасының шешімі бойынша І-орынды 5 сынып оқушысы Ақбота Еркінқызы қанжығасына байласа, ІІ-орын 9 сынып оқушылары Меруерт Еркінқызы пен Гүлбайыр Жеңісханға бұйырды. Жүлделі ІІІ-орынды 5сынып оқушылары Гүлназ Ғазизова бен Әлішер Құдабаев және 6 сынып оқушысы Олжас Байсеитов қанжығалады. Мұқағали ізін жалғаған жалынды оқушыларға мадақтама грамоталары табыс-талды. Қатысушылардың өнеріне шабыттанған қазылар алқасының мүшесі Нұрлан Ермек Сыдықұлы ақын өмірінің атаулы кезеңдеріне, Шәмшімен достығына тоқтала отырып, «Қариялар азайып бара жатыр», «Өмір жайлы» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.
Жас Отан Жастар Қанатының төрағасы, жас-тар кеңесінің мүшесі, аулымыздың белсенді азаматтарының бірі Ерлан Сайлауғазыұлы Әзімбаев ақын шығармашылығынан сусындап өсіп келе жатқан өрендерге сәттілік тілей отырып, ақынның «Ұят болды-ау» өлеңін нақышына келтіре оқыды. Мектеп директоры Сәуле Тоқтарқызы Нукушева шәкірттердің таудай талаптарына табыс тілеп, осы бастамаларының ғұмырлы болуына тілектестігін білдірді. Кештің соңы естелік суреттерге түсумен жалғасты. «Есіңе мені алғайсың» деп жырлаған тау тұлғалы Мұқағали Мақатаевты Көкжайық жастары осылайша ерекше естеріне алды.
Н.Меирманова, жастар ісі жөніндегі маман
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.