Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аптаның алғашқы күні аудан орталығындағы Қ.Алтынбаев атындағы Мә-дениет үйінде Көкпекті ауданы әкімінің атынан ата-ана қамқорлығынан айы-рылған, қамқорлықтағы, патронаттық тәрбиедегі, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың 9 – 13 жас аралығындағы бал-ғындарына арналған жаңа-жылдық шыршатой өтті.
«Кел, төрлет, құтты ме-нің Жаңа жылым!» деп барша бала сағына аңсап жүретін, бір ғажайыптың күшімен арман-тілектерінің орындалуын үміт артып күтетін, ғаламат пен сиқырға толы мерекені балдырғандарға тарту ететін осындай игі дәстүр азаттығымызбен бірге келгені баршамызға аян. Ел Тәуелсіздігінің ширекғасырлық ұлы мерейтойына сәйкес келуі бүгінгі шамдары жарқырап, түрлі-түсті әсем ойыншықтарман жасанған шыршаны одан сайын көріктендіре түскендей.
Сұлу шырша жанындағы шат мерекеге сан түрлі ертегі кейіпкерлері болып киінген, ауданның түкпір-түкпірінен аудан әкімінің өздеріне арнаған ғажайыпқа толы мейрамына асыққан балақандарды аудан әкімінің орынбасары Алмагүл Әкімова құттықтап, жүрекжарды ақ тілегін арнады.


– Қымбатты бүгінгі шыршатой қонақтары! Аяулы біздің балаларымыз! Сіздерді жасыл шырша жанындағы жаңажылдық мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Өздеріңіздің шаттық пен бақыттан жайнаған жүздеріңізді көргеніме қуаныштымын. Сіздер, тәуелсіз елде дүниеге келген ұрпақтар, Ұлы Дала елінің келешектегі дамуы мен өркендеуіне өз үлестеріңізді қосатын заманауи азаматтарсыздар. Тәуелсіздік Туын берік ұстау, азаттығымызды баянды ету сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан берілген мүмкіндікті бос жібермей, озат білім мен үлгілі тәртіпке үйреніп, адамгершілік құндылықтарын бойға сіңіріп өсетіндеріңізге сенеміз. Қазір өтіп жатқан шыршатойды көтеріңкі көңіл-күймен, естен кетпестей қызықты өткізулеріңізге тілектеспін. Жаңа жыл жаңа табыстар мен жаңа бақыт жылы болсын! - деді Алмагүл Жанахметқызы.
Дөңгелене қол ұстасып, шеңбер құрып, жаңажылдық әсем әндерді сиқыршымен (рөлде Дина Бозақанова) бірге шыршаны айнала шырқаған балғындар шын мәнінде бақытты еді. Бұдан әрі қарай жалғасқан нағыз қызық думан, ғажайыпқа толы ертегі әлемі балаларды еріксіз елітіп әкетті. Сахна төрінен келер жылдың иелері Әтеш пен тауық балапандарын ертіп шыға келгендегі балақайлардың шаттығында шек болған жоқ. Ертегінің жағымсыз кейіпкерлері мысық пен қу түлкінің тауық жұмыртқасын ұрлап әкетіп, аю ініне тығып қоюы, мерекенің бас кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақардың көмегі, ескі жыл маймылдың қылықтары, үлкен әппақ жұмыртқадан шыққан кішкентай ғана сап-сары балапан Жаңа жылдың келуі осының бәрі-бәрі балаларды шексіз қызыққа батырды. Ауылдық округтерден ертегі кейіпкерлері батыр, әтеш, қоян, қасқыр, ханшайым, жолбарыс, пингвин, Буратино, қарақшы, маймыл т.б. киімдер киінген 70-тей баланың ішінен 27-сіне бағалы ойыншықтар сыйланды және барлық қатысушылар Аяз атадан тәттілер мен жемістер салынған қалталар және сый-сияпаттар алып, мәз болып қайтты.
Жаңажылдық шыршатойды осыншама тартымды етіп өткізуге бар өнерлерін салған Мәдениет үйі, Балалар өнер мектебі қызметкерлерінің тиянақты даярлығының арқасы. Бұл жерде олардың көздің жауын алатын түстерден тігілген түрлі киімдер киіп, рөлдерді бала көңілдерді сендіре орындауын айта кеткен орынды. Аудан әкіміне, өнерімен көпшілікті тамсандырған кейіпкерлерге ата-аналар мен қамқоршылардың алғысы шексіз.
Сәбина Кеңесова, І.Жансүгіров атындағы мектептің 4 сынып оқушысы: - Бүгінгі шыршатой қызықты өтті, маған өте ұнады. Мен мұнда Жаңа жыл иесі Әтеш болып киіндім. Анам екеуміз өз қолымыздан бар өнерімізді салып, тіккенбіз. Ертегі кейіпкерлері болып киінген балалар көп екен. Бұл мереке менің есімде мәңгі сақталатын болады. Баршаңызға мың алғыс!

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз