Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биғаш ауылдық округінде «Тәуелсіздік- ата-бабам аңсаған» атты салтанатты мерекелік шара өткізілді. Округ әкімі Қ.Ахметқалиев ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдіріп, аудан әкімі Р.Н.Сағандыковтың атынан, ауыл тұрғындары А.Лискевич, Ж.Қасымов, Р.Мұхаметқалиевті алғыс хатпен марапаттады. Ал, Тәуелсіздіктің төл құрдастары Ж.Әлімбаев пен Э.Ақжановаға шағын сыйлықтар тарту етті. Биғаш ауылдық округінің бұрынғы әкімі, қазіргі таңда ауыл ақылшыларының қатарына қосылған, зейнеткер Рауия Наурызбаеваға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі тағылды.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындарына Тәуелсіздік жылдарында өз үлестерін қосқан ұлы тұлғалар жайлы презентациялар көрсетіп, әдеби-монтаж, қойылымдар ұсынды. Кітапханада «Желтоқсан шежіресі - елімнің мәртебесі» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Ал, ұстаздар, оқушылар және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Ұшқыр ой» тақырыбында топтық сайыс өткізілді. Сайыскерлер өз өнерлерін көрсетіп, жеңімпаздарға мақтау қағазы мен сыйлықтар тапсырылды. Мерекенің соңы ауыл жастарына арналған би кешіне ұласты.
А.Момбаева, Биғаш ауылдық округінің
кітапхана меңгерушісі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз