Көкпекті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және жастар орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйін-де патриоттық флешмоб байқауы өтті. Аталмыш іс-шара аудан көлемінде дәстүрлі түрде екінші рет өткізілуде.
Байқаудың басты мақсаты – егеменді еліміздің қол жеткізген жетістіктерін паш ету, өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу болып табылады. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мәдени шараға Тассай, Шәріптоғай, Бастаушы және Көкпекті ауылынан Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп оқушылары қатысты. Өте тартымды, жоғары дәрежеде өткен байқауда қатысушылар екі кезең бойынша өнер көрсетті.
Қорытындыда бас жүлдені Тассай ауылынан М.Әуезов орта мектебі алса, ал бірінші орынды Шәріптоғайлық «Арлан» командасы қанжығасына байлады. Екінші орынды Бастаушы ауылы, үшінші орынды Ж.Шайжүнісов мектебі иеленді.
- Болашақ - білімді, өнерлі жастардың қолында. Мемлекет тарапынан өнерпаз жастарға үнемі қолдау көрсетілуде. Біздің мақсатымыз – талантты жастарымыздың өнерін елге паш етіп, олар қоғамның қозғаушы күші екенін көрсету, – дейді Көкпекті аудандық жастар орталығының бас маманы Әділжан Артықбаев.
Байқау соңында жүлделі орынға ие болғандарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.