Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тассайдың төл баласы Жанат Ыбырайымтегі, бағзыда өткен ата-бабасын еске ала, Ұлы Отан Соғысының ардагері, от кешуден есен келіп, еселей еңбек етіп, бейбіт күнде фәниден ертерек өткен қарт жауынгер, әкесі Қайырғазыға ат шаптырып ас беріп жатыр.
Аламан бәйгенің шаңы көрінді. Ат көмбеге таяды. «Ат келе жатыр, ат келе жатыр» десіп шуылдасқан дүрмек топ.

Әне-міне дегенше сәйгүліктер келіп те қалды. Терден қоңырайған ба, болмаса түсінің өзі торы ма айырғысыз ұзын бел торы тұлпар жер апшысын қуырған екпінімен мәре сызығын кесе көмбеге де жетті. Ұран тастай аруақ шақырған шабандоз баланың айбатты шырылынан тұлпар иесінің кім екенін білдік ау. «Тассай, Тассай, Тассайдікі Заманның аты десті ел. Толқынысын білдірмей тоқмейілси ыржиған жігіт ағасы Зәкең риза кейіппен қарайды.

 

Торы сәйгүлікпен құйысқан тістесе Зайсанның баптап жіберген «Ювентусы» да затты жылқы екенін көрсетті. Бұдан соң қара көрсеткен Жұмбаның «Қараторғайы» да шабысын бәсеңдетпей мәреден өте шықты. Пай, пай, пай! Қошеметшіл жұрт көтеріп әкетті.
Исі қазақ пен айырқалпақ қырғызға ортақ «Қара жорғаның» да кезі келді. Сылқым да кербез, жаясына сорпа құйған кесе қойсаң да шайқалмайтын тайпалма жорға. Төрт аяғын теңселте тең тастап, шапқан атқа жеткізбес сұлу шапқын жорға бәрі бар. Көзді ашып-жұмғанша үш айналым да өте шықты.
Алдымен келген Зырян шәрінен әдейілеп әкелген «Элегант» атты сужорға болса, Элегантпен ауыздық қағыстыра көмбеден өткен есімі елге мәлім бапкер, Тассайлық Қалымбек атбегінің баптаған пырағы назарға іліксе, үшінші болып мәреге Семей өңірінен ат майын ағыза келген Мұрат мырзаның «Жезкиігі» жетті. Ел тәнті болды. Ас сәнін келтіретін, әрине, қазақтың өзіне ғана тән ұлттық дәстүрлі рәсімдері, яғни, ат бәйгесі болса, оның ішінде «тай жарыс» та бар. Кілең бір өздері де бала секілді тұрпаты келіскен Қамбар ата түлігі ойнақтай басып, мен де тұлпармын дегендей ауыздықпен алыса аршындай адымдайды. «Жібер, жібер деймін» жанұшыра айқайлаған тай иесінің жан даусы шығады. Тай жарыс та тәмам. Қас-қағым сәтте алғашқы айналым да өте шықты.
Болашақ хас жүйріктің өзі болатын жас тұлпардың басы да тым қатты болса керек, шабандоз ұланға ерік бермей қия тартып кетті. Бұл Арман палуанның баптап жүрген «Досқара» атты жүйрігі еді. Ақсуаттың «Екпінінен» келген «Ерке тайдың» да екпіні ерен екен. Өзгелерден оқ бойы оза шапты. Тассайдың «Ерке торысы»да текті жылқының тұқымы екенін көрсетіп келді. Сәл ғана бабы жетіңкіремеді ме, әттеген-ай, әйтпегенде бірінші орыннан дәмелі еді. Үшінші болып көмбеден Семейдің «Браслеті» көрінді. Түс-тұрпаты көркем көрікті тай екен. Уай, пәлі! Тұқымың артсын, қамбарым!
Бабадан қалған ғұрыппен «Жаяу жарыс»та өткізілді. Жарысқа қатысқан кішкентай ұландармен қоса, жас жеткіншектер мен қайратты жас жігіттер де бар желаяқтардың ұзын саны жиырмаға жетіп жығылады. Қозы көш жерден қоя берген құс сирақ жастар мәре сызығын қатты екпінмен аттап бірақ тоқтады. Алдымен жеткен жеңіл атлетикадан облыс чемпионы Олжас Әміров, іле-шала келген Сырым Әзімбаев екінші орынға, ал Елжас Төкенов үшінші болып жеңіс тұғырына шықса Дарын, Дидар сияқты жас ұландар жүлделі орынға көтерілді.
Ас соңына қарай бәйге үлестірілді.
Аламанның бас бәйгесі 500 000 теңге Тассайдың тұлпары, екінші бәйге 200 000 теңге Зайсанның сәйгүлігі, үшінші бәйге 100 000 теңгені Жұмбаның жүйрігі олжалады.
Жорға жарысы жүлдесіне Зырян су жорғасы 100 000 теңге, Тассай тайпалмасы 75 000 теңге, Семей арғымағына 50 000 теңге тарту етілді.
Тай жарысы жүлдесіне I-орын Екпін, II-орын Тассай, III-орын Семейден келген тай иелеріне, сондай ақ, жаяу жарыс желаяқтары О.Әміров I-орын, С.Әзімбаев II-орын, ал, Е.Төкенов III–орынға ие болып, ас иесі тарапынан лайықты бәйге берілді.
Жалпы атам қазақта «Ас» атауы той деген мағынаны білдіреді екен.
Өткен жанның яғни, ата-бабасының, ата-анасының тегін, жарқын бейнесімен олардың бұл дүниеде атқарған тірліктерін ұмыта бастаған ұрпағына сонымен қатар, елдің есіне түсіретін елеулі дәстүр.
Ардагер ақсақалдың рухына бағышталған, құран оқылып, хатым түсіріп, ағайынның басын қосып, алқалы жұрттың ризашылығын алған Қайырғазы ақсақалдың балалары Жанат, Талғат, Сабыр, Данияр мен қыз-келіндері, немере-жиендеріне асқа жиналған жамағат «сауапты болсын» айтысты. Қарапайым ғана механизаторлықпен еңбек жолын бастаған Жәкең бұл күнде бизнестің биігіне шыққан білікті кәсіпкер. Отағасы ас тарқарда қолғабыс жасаған ағайынға сый-сияпат жасап, риза етіп қайтарды.
Тассай ауылы тұрғындарының бір күні осылай өтті.
К.Байжұманов, Тассай ауылы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз