Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданынына қарасты Үлгі-лімалшы ауылына бара қалсаңыз нағыз ауылдың кейпін көресіз. Бұлай деуіміздің себебі, кеш қайта өрістен қайтқан малдың маңырағаны, ошақтан шыққан тезектің иісі, ойын қызығында жүрген балалардың дауысы ауылдың кескін келбетін айқындап беретіндей. Ауыл – қазақтың негізгі күре тамыры. Ұлт руханиятының ошағы да ауылдан бастау алады. Салт-дәстүр мен мәдениеттің мол қоры осы ауылдарымызда сақталып келеді.


Ауылға көңіл бөлу және оның жағ-дайын жақсарту мемлекеттік мәні зор іс. Кез-келген экономикалық реформаның түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Үлгілімалшы ауылының бүгінгі тыныс тіршілігін білмек болып, ауылдық округтің жаңадан тағайындалған жас әкімі Мерей Нығметжанұлы Смағұловқа көкейімізде жүрген сауалдарды қоюдың сәті түскен еді.
- Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауларындағы басты мәселе-лердің бірі, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады, осы тұрғыдан келгенде Үлгілімалшы ауылы тұрғындарының қал-ахуалы қандай деңгейде?
- Үлгілімалшы ауылдық округінде 1334 тұрғын 4 елді мекенде ынтымақтастық аясында өмір сүруде. Округте бүгінде 6312 бас ірі қара мал, 8750 бас ұсақ мүйізді мал, 1661 бас жылқы бар. Округтің ірі шаруа қожалығы «ҚалМұхЖомАхмет» биылғы жылы шамамен 1504 га егістік егуді жоспарлап отыр. 14 отбасы мем-лекеттік балалар жәрдемақысын, 7 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. 2015 жылы «Өрлеу» бағдарламасына 3 отбасы қатысып, бағдарлама аясында мал сатып алды, 3 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
57 көпбалалы аналар, 13 тыл еңбек-керлері бар, оның ішінде 1 тыл еңбеккері «1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысы жылдар-дағы ерен еңбегі үшін» медалімен мара-патталған.
Округте 65 шаруа қожалығы, 12 жеке кәсіпкер бар.
-Ауылды көркейту, көгалдандыру мақсатында қандай жұмыстар атқа-рылуда?
- Екі айлық сенбілікте Үлгілімалшы ауылының қатты қоқыс төгетін орны тазаланып, ретке келтірілуден басталды. Тұрғындарға аулаларын тазарту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мекемелер сенбілікке шығып, маңайларын тазартып, талдардың түбін ақтап, гүл-зарларға орын дайындауда, 70 тоннадай қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар, өткен аптадағы сенбілікте ауылымыздағы ең ірі «Қал-МұхЖомАхмет» шаруа қожалығының басшысы Мұхаммед Хабидолдановтың ұйымдастыруымен Үлгілімалшы ауылын-дағы Ленин және Сейфуллин көшелеріне және Үлгілімалшы–Сүлеймен ауылына баратын ұзындығы 6 шақырым үлкен жолға тегістеу, жөндеу жұмыстары жүргізді. Бұл жұмыстарға қожалық 540 мың теңгеге жуық өз қаражатын жұмсады. Мұхаммед Қалиханұлының бұл игі бастамасы мақтауға тұрарлық, ауыл тұрғындары және әкімшілік атынан өз алғысымды білдіргім келеді. Сонымен бірге, «Жас талап» ШҚ басшысы Ә.Көкбаев та ауыл тіршілігінен әрқашан көмегін аямайды. Сондай-ақ, ауылдық округтегі барлық шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер ауылдың өсіп-өркендеуіне әрқашанда демеушілік көрсетіп тұрады.
- Алдағы уақыттың еншісінде ат-қарылатын жұмыстарыңыз немесе жоспарларыңызбен бөліссеңіз.
- Ауылдағы ең басты мәселеміздің бірі мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге, Нұра ауылындағы Ақтоған–Үлгілімалшы каналындағы кішкене кө-пірді ауыл тұрғындары, шаруа қожалық-тар, кәсіпкерлердің көмегімен маусым айында жөндеу жұмысын бастаймыз. Тағы бір айта кететін нәрсе балық аулау кәсібін заңдастыру мәселелерін шешуді ойластырудамыз.
- Әңгімеңізге рахмет, Үлгілімалшы ауылы көркейе берсін!

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз