Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көктемнің алғашқы қуанышы – әйелдер мерекесінің айналаны шуаққа бөлейтін айрықша қасиеті бар. Бұл күндері ардақты ана, ғазиз қарындас, адал жарды қастерлеудің қалыптасқан дәстүрі бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылады.
Осынау жарық әлемге сән беріп, айналасына шуақ шашып жүретін асыл жандардың төл мерекесі Көкпекті ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өткізілді. Дәлірек айтқанда, орталықтың акт залында 6 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне орай, қызмет алушы қыздардың арасында «Қыз - өмірдің гүлі» атты қыз сыны байқауы болды. Сайысқа Көкпекті, Тассай, Шұғылбай, Үлкенбөкен ауылдық округтерінен 5 жасөспірім қатысып, бақ сынасты. Бес бөлімінен тұрған сайыста ару қыздар өз өнерлерімен, білімдерімен, көріктерімен көрерменнің көзайымы болды. Сайыс өз мәресіне жетіп, әділ қазылардың әділ шешімімен 1 орынды шұғылбайлық Меруерт Ауданова, 2 орынды Үлкенбөкен ауылдық округінен келген сұлу қыз Жанаргүл Құсманова алса, 3 орын тассайлық ару Әсемгүл Мергенбаеваның еншісіне тиді.
Сонымен қатар, әлеуметтік орталықтағы шуақты мереке шаттығы 9 наурыз күні жалғасын тапты. Қоғамда әжелердің рөлін арттыру мақсатымен қызмет алушы әжелер арасында «Супер әжелер» сайысы ұйымдастырылды. Аталмыш шараның өз дәрежесінде өтуіне әлеуметтік қызметкерлер мұрындық болды.


Бұл игі іске қызмет алушы әжелер, өздерінің әлеуметтік қызметкерлерімен бірге қатысты. Сайыс шарты бойынша бес кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындаған әжелер қабілет-қарымына сай өз өнерлерін ортаға салды. Мереке шымылдығын өздерін таныстырумен ашқан әжелер шара барысында бірінен-бірі асып түсті. Байқаудың шартына сай әжелердің сахна мәдениетін сақтауы, киім үлгісіндегі эстетикалық талғамы, сөз саптау мәнері, өнері толық сараланып, қазылар алқасы бағасын берді. Көкжайық ауылынан келген әжеміз Надежда Черемисова сайыстың барлық талап-шарттарынан мүдірмей өтіп, үзеңгілестерінен мерейі үстем болып «Супер әже–2016» атағын жеңіп алды. Ал, сайысқа қатысқан көкпектілік В.Шавель, Қ.Бозақанова, Ә.Сейтқанова, Преображенка ауылдық округінен З.Белоусова, үлкенбөкендік Л.Хрущева сынды аналар түрлі аталымдарға лайық болды.
Қорытындысында сайысқа қатысушылар мадақтама қағаздар мен бағалы сыйлықтарға ие болып, шаттыққа кенелді.
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз