Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі таңда шаруа баққан ауыл еңбек-керлері шілденің ми қайнатар аптап ыстығына қарамастан өздерінің жазғы қам-қарекеттеріне белсене кірісіп кетті. Диқандар қауымы маңдай термен өсірілген ел ризығы - алтын дәнді ысырапсыз жинап, қамбаға құйып алу жолында күресіп жатса, пішенші-механизаторлар мал азығының кепілді қорын жасау жолында бел шешпей еңбек етуде.

Редакция тілшілері жұмыс сапарымен Теректі ауылдық округінің аумағындағы «Теректі» ШҚ да болып қайттық. Бізді ауылдық округтің бас маманы Ж.Назарбаев қарсы алып, «Теректі» шаруа қожалығына бастап апарды. Күн сәулесі шаруаларға жылуын аямай сыйлайтын, топырағы құнарлы, хош иісі аңқыған түрлі шөптер өсетін бұл жердің көркем де тамаша табиғаты көз тартарлықтай.
Бүгінгі таңда «Теректі» шаруа қожалығы бар күш-жігерлерін осы жемшөп пен егін орағы науқанына сарп етуде. 1997 жылы қалыптасқан бұл қожалық өсімдік өсіру және дәстүрлі малшаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығының бастығы Қ.Садықов. Шөп шабу науқанының қалай жүргізіліп жатқанын өз көзімізбен көру мақсатында шабындық басына бардық. Қазір шаруа қожалығы қыстық мал азығын дайындап, шөп шабу және жинау үстінде. «Еріншек етігін кигенше, пысық күнге күйіп үлгереді» демекші, бүгінде қыс қамына ерте кіріскен шаруашылықтар шалғысын сайлап, шабындық төсіне барып, мал азығын дайындау науқанына әлдеқашан кірісіп те кетті. Шабындықтар басына қажетті техникалар шығарылған. Жол бойы байқағанымыз, биыл шөп қалың, бірақ жаздағы ауа райының салқындығына байланысты бойы аласа екен.


Бір сәт тынышталған меңіреу далада тағы да тракторлар гүрілі естілді. Тракторлардың бірі шөпті шауып келе жатса, тағы бірі шабылған шөпті жинап, келесісі шөмелеп келеді. Шаруа қожалықтың жем-шөп дайындауға арналған жинау машинасы, тракторлар, комбайн, тағы басқа техникалар шаруа жұмысын ілгерілетуге ықпал жасайды.
Әшімхан Бағадиев, механизатор:
- «Еңбек түбі - зейнет» деген осы екен. Еңбек өтілім 10 жылдай болса да, еңбек етуден жалыққан емеспін, ұжымым өте ұйымшыл. Қазіргі жағдайыма, жұмысыма, көңілім тоқ. Жалақыны уақытында алып отырамыз, жұмыс істеуге барлық жағдай бар.
Әділбек Тоқтарбек, «Теректі» ШҚ басшысының орынбасары:
-Қожалық жетекшісі жылда ауылдастарына қамқорлық жасап, қорасына шөп түсіріп беріп, қысқа дайындыққа көмектесіп тұрады. Біздің жігіттер пысық. Осындай жұмысқа әбден пісіп алған. Астық жинау науқанына ауа райына байланысты кедергілер болмаса, дер кезінде аяқталады.
Евгений Коширский, ауыр атлетика бойынша жаттықтырушы:
- Бұрынғы жұмыс орнымда қысқартуға түскен соң, биылғы жылдың көктемінен бастап, осы қожалықта еңбек етудемін. Трактордың қыр-сырына бала кезімнен қанықпын, жұмыстың жеңілі жоқ. Еңбек етем деген адамға бар жұмыс өз берекесін береді.
Осындағы ұжымымда барлық жағдай жасалған, жалақыны уақытында алып отырамыз. Қазір спортты тастаған емеспін, екеуін де қатар алып келемін. Таңғы, кешкі жаттығуларды уақытында орындап, салауатты өмір салтын ұстанамын.
Андрей Рольгайзер, механизатор:
-«Түйменің инесіз күні жоқ» демекші, әрине бастығымыздың ұйымдастырушылығымен және жаңа технологияның арқасы. Өздеріңіз көріп отырған ауыл шаруашылық жинау машинасымен жұмыс істеймін. Ресейден алынған, басқаруы қарапайым және ыңғайлы. Жұмысымызды жеңілдетуге бірталай көмегін тигізіп отыр.
Әсет Аухадиев, тракторшы және ұжымның ас-ауқатына жауап беруші аспаз:
-«Теректі» шаруа қожалығының жағдайы жаман емес. 2001 жылдан бастап осында еңбек етемін. Шаруашылықтағы барлық техниканың тілін білемін. Бастығымыздың түсінігі мол адам. Материалдық жағынан да жағдайымызды жасап отырады. Еңбекақыны уақытылы төлеп отырады. «Бастығы жақсының, жұмысы жайлы» деген осы екен.
Медет Ибраев, механизатор:
- Шаруа қожалығы қалыптасқаннан бері жұмыс істеп келемін. Ай сайын жалақы түсіп отырады. Осыдан да жұмысшылардың еңбекке деген қызығушылықтары арта түседі. Еңбексіз өмір жоқ, ауырсыз жеңіл жоқ. Қайсыбір іс дамысын десеңдер күні-түні еңбекпен ғана шұғылдану қажет.
Владимир Ливадлов, зейнеткер-механизатор:
-1942 жылдан бастап Теректі ауылының тұрғынымын. Бір отбасының шаңырақ иесімін. Шөп шабу алқабындағы адамдардың нағыз еңбегі бар жақсылық, еңбек арқылы келетінін белгілі.Сол себепті зейнетке шыққсам үйде байыз тауып отыра алмай осы егін даласында еңбек етудемін. Жағдайымыз жақсы. Бұл қожалық қалыптасқалы жұмыс істеп келемін. Еңбек өтілім 45 жылдай, өз тәжірибемді жастарға үйретуден жалыққан емеспін.
Теректіліктер қоймаларын астыққа толтыру, малға жем- шөп дайындау, алда келе жатқан қаһарлы қысты қарсы алу үшін өнім жинаумен арпалысты жалғастыруда. Олардың осы өнім жинау мақсатындағы қауырт істе жеңімпаз болатынына біз сенімдіміз. Себебі, олар туған жерлеріне деген сүйіспеншілігі жоғары және оған беріле қызмет ететіндер.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

 

 

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз