Жеке басына туындаған мәселелері бойынша кірер есігі қалмай, тауы шағылған адам енді қайда барамын деп ойланады. Біреулері қолын бір сілтеп, жылы жауып қойса, бірі ең соңғы үмітім деп, аудан әкімінің алдына баруды жөн санайды. Қазіргі күні аудан әкімінің қабылдауына кіру аса қиын шаруа емес.
2016 жылдың 12 шілдесінде аудан әкімі Р.Н.Сағандықов Самар ауылында азаматтарды жеке шаруаларымен қабылдады. Ауыл тұрғындарының қойған сауалдарының басым көпшілігі тұрғын үймен қамтамасыз ету, мүгедек балалар мен тұрмысы төмен отбасыларына материалдық көмек сұрау болып келеді.
Көкпекті ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сайланған Көкпекті аудандық мәслихатының кезекті ІV сессиясы болып өтті. Мәслихат депутаты Талғат Сарманов төрағалық еткен мәжіліске аудан әкімінің міндетін атқарушы Алмагүл Әкімова, мәслихат депутаттары және тиісті бөлім басшылары қатысты.
Толығырақ...Сыртынан қарағанда ешқандай өзгешелігі жоқ, маң-дайшасында мұрағат деген жазуы бар қарапайым есік. Ал ішінде зуылдаған зымыран-заманның естеліктері, тағдыр тарихының көзі сақталған. Осы жазбамен назарларыңызды адам баласы салып кеткен іздің өшпеуін мақсат етіп, өткен күннің шырақшысы болып келе жатқан аудандық мұрағатқа аудармақпыз.
Толығырақ...Көкпекті ауданының тарихында елеулі орын алған Қ.Раев атындағы балалар үйінің жабылуы баршамыздың көңілімізге кірбің түсірмей қоймады. Балалар үйі десек, Жақия Шайжүнісов есімі еріксіз ауызға оралады.
19 жасында-ақ Көкпекті балалар үйіне тәрбиеші болып келген уыздай жас Жақия аз уақытта өзін-өзі көрсете білді.
Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан әлем мұсылмандарының сағына күтіп, қимай қоштасатын айы. Өйткені, адам баласының тәнін тазартып, жан-дүниесін тәрбиелейтін ораза құлшылығы осы айда Раббымыз тарапынан парыз етілген. Сондықтан, бұл айда жасалған әрбір жақсы амалдар елеусіз қалмай, сауабы еселенеді.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.