Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының мемлекеттік қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне тест тапсырды. Шығыс Қазақстан лингвистикалық тіл оқыту орталығы мен ҚР Ұлттық тестілеу орталығы бірлесіп өткізген сынаққа 46 мемлекеттік қызметкер мен халыққа қызмет көрсету саласының өкілдері тартылды. Тест қорытындысы Елордада сараптан өтпек.

Шара барысында облыстық лингвистикалық оқыту орталығының директоры Бақыт Ағажаева тестілеудің мәнісіне кеңінен тоқталды.

- ҚазТест жүйесі Қазақстан Республикасының азаматтары мен еліміздің аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың отандық жүйесі. Шағын және ұзақ диалог, қысқа монологтарда және есту арқылы түсінгенін анықтауға, грамматиканы, лексиканы пайдалана білетіндігін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады. Алуан мазмұнды, түрлі стильді мәтіндер мен соларды оқу барысында түсінгенін тексеруге арналған тапсырмалар қарастырылған. Тіл меңгеру деңгейлеріне байланысты шығармашылық диктант, мазмұндама және ұсынылған тақырыптар бо-йынша эссе жазу жұмыстары жүргізіледі. ҚазТест төрт бөліктен тұрады: тыңдалым, лексика-грамматикалық бөлік, оқылым, жазылым - деп біздерге түсініктеме беріп өтті.

Астанадағы ұлттық тестілеу орталығының өкілі Ержан Мұқанов - ҚазТест жүйесінде тілдік білімді бағалаудың деңгейлік жүйесі – қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары, жетік деңгейлері негізге алынды. Ал бүгінгі тестілеуге қатысушылардың нәтижелері жақсы болса  В 1 - орта деңгейді меңгерім сертификатын алады. Ал тест жұмысының нәтижесі 3 аптадан кейін анық болатын болады - деп ойымен  бөлісті.

Аталған іс-шара арқылы мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін қолдану және іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу дәрежесін анықтау көзделіп отыр. Тестілеу нәтижелері аудандағы тіл оқыту орталығы жұмысына берілген баға болмақ. Осыған дейін 3 мәрте өткізілген ҚазТест сынағынан көкпектіліктер мүдірмей өтіп, жақсы көрсеткіштер анықталғанын ескерсек, бұл жолы да оңды нәтижеге үміт артуға әбден болады. Мемлекеттік тілдің мәртебесін мемлекеттік қызметкерлер осылайша асқақтатып жатса қуанышты әрине.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз