Бүгінгі күні елімізде «Қазақстанда жасалған» деген белгімен тұтынушыға жол табатын өнімдер баршылық. Соның арасында сүт және сүт өнімдері де бар. Бірақ ол өте аз мөлшерде. Еліміздің мал шаруашылығы саласындағы әлеуетін ескере отырып, кешегі күні ғана Елбасы Н.Назарбаев та, облыс әкімі Д.Ахметов та ауыл тұрғындарының алдына сүт өндірісі шаруашылығын дамытуды міндеттеп қойған болатын. Осы орайда облыстың үш ауданының қатарында біздің Көкпекті ауданында қанатқақты жоба қолға алынды.
Бұл жобаның ең басты мақсаты - өңірімізді өз өнімімен қамтамасыз ету. Ал ол дегеніңіз облыс аумағындағы денсаулық сақтау, білім беру мекемелерін сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету. Ол үшін сүт өңдеу кәсіпорындарын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету керек. Қолында сауын сиыры бар ауылдың әр тұрғыны бұл жобаға өз үлесін қоса алады. Сонымен бірге ауқымды егістігі жоқ, бірақ өзін-өзі мал азығындық шөппен, жеммен қамтамасыз етіп отырған шағын шаруашылықтардың осы салаға бет бұрып, сауынды сиыр мал басын арттырғаны тиімді болмақ. Бұл жайында облыстың басшысы Д.Ахметов жақында ғана облыс орталығында аграршылармен өткен жиында тағы да айтып өтті. Онда облыс башысы облысымызда бар сүт өңдеу зауыттарының шикізаттың жоқтығынан толыққанды қуатпен жұмыс істемей тұрғанын да айтып өткен болатын.
Самар ауылында бұл жобаға екі шаруа қожалығы тартылығанын айтқан едік. Соның бірі – «Қалисатарұлы» шаруа қожалығы. Өткен аптаның соңында шаруашылыққа ресейлік сүт мұздатқыш танкер жеткізілді. «Енді оны орнату жұмысы күтіп тұр. Алдағы күндері Ресейден мамандар келіп, оны орнатып, іске қосып береді», - дейді шаруашылық басшысы С.Жотабаев.
Самарқан Қалисатарұлы бұл қондырғыға қажетті инфрақұрылымдық желілерді тарту үшін күннің жылығанын тосу керек дейді. Сонымен бірге бұл жұмыста жергілікті биліктің сырт бақылаушы болып қалмағаны да аса маңызды екенін атап өтті өзі аудандық мәслихаттың депутаты болып табылатын басшы. Мұндай қондырғы таяу күндері М.Құмаров жетекшілік ететін «ЕңбекАгро» ЖШС-не де жеткізіледі.
Әрине, жақсы бастаманы іліп әкету үшін пікірлестер, ойлары бір жерден шығатын, мақсаттары ортақ адамдардың шоғырланғаны да істі ілгерілетеді. Ал ауылшаруашылығының бұл саласын қаржыландыру, субсидиялау мәселелері бойынша аудандық ауылшаруашылығы мен басқа да тиісті мекемелер мұқият болып, қаржының мақсатты игерілгеніне мүдделі болып, қатаң бақылау жасаса. Ел Президентінің өзі дағдарыс кезеңінде әр тиын есепсіз жұмсалмасын деп тапсырғаны барлығының есінде болар. Ал біздің ауданның аграрлық саласында еселі еңбек етіп, талай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибелері бар басшылар қолдан келгенді аянбас, тек қана оларға жан-жақты қолдау қажет.
Клара НҰРПЕЙІСОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.