24 ақпанда аудан әкі-мінің міндетін атқарушы Р.Сағындықов Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне дабыл түймесі бар арнайы телефондар табыстады. Бүгінгі күні ауданымызда 14 соғыс ардагері Жеңістің 70 жылдық мерейтойын қарсы алуға дайындық үстінде. Олар: Федосова Валентина Степановна, Кинбаев Елеусіз, Цепков Петр Иванович, Тваровский Эдуард Юльевич, Бирюков Илья Иванович, Ықыласов Мүтәләп, Винников Семен Михайлович, Түсіпбеков Аркадий, Чумаков Николай Иванович, Гарганов Федор Кузьмич, Балаханов Павел Яковлевич, Ақшалов Нұрмұхамбет, Қожаев Құсман, Халлиулин Мұстафа ТемІрбайұлы.
1945 жылдың 9 мамыры – бұл күн қаншама қасірет пен қуанышқа толы. Бұл сандардың артында қатал соғыстың қор-қынышы мен Ұлы Жеңістің қуанышы қатар тұр. «Өмір жолы» телефондары – бұл Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жасаған ерлігіне құрмет көрсету белгісі ретіндегі Елбасының сыйлығы екендігін Р.Нығметжанұлы ардагерлерге жеткізді.
- Бұл мерекені жан жүрегіңмен есейген шағыңда жете түсінесің. Зымырап 70 жылдың өтіп кеткеніне қарамастан, сіздердің ұлы ерліктеріңіз ешқашан өл-мейді және біздің Отанымызда тұрып жатқан әрбір отбасында өз батырлары мен өз естеліктері бар. Тіпті, ғасырға жуық уақыт өтсе де ардагерлерге деген құрмет пен алғыс сөздеріміз біздің жүрегімізде сақталатыны анық. Сіздердің ортамызда жүргендеріңізге қуанамыз және қолдан келген қамқорлығымызды аямаймыз. Сіздер баға жетпес ерлік жасадыңыздар, себебі, еркіндікте өмір сүру бақытын бүгінгі ұрпаққа сыйлап, болашаққа жоспар құруға, таңдау жасауға мүмкіндік сый-ладыңыздар. Сол үшін жас ұрпақ сіздерге мәңгі қарыздар. Фашистердің жауыздығынан елімізді, жерімізді қорғау мақ-сатында аянбай күресіп, боз-балалық шақта сайран құрмай, мылтық асынып жауға қарсы аттандыңдар. Балалардың ба-лалығын ұрлаған сұм соғыс-ты мәңгіге жойдыңыздар. Бұл ерліктеріңізді жас ұрпақ еш-қашан ұмытпайды. Ендігі ғұ-мырларыңызды қуанышты күн-дермен өткізіп, біздің шексіз сүйіспеншілігіміз бен шексіз құр-метімізді қабыл алыңыздар, - деді Рамил Нығметжанұлы.
Аудан әкімінің міндетін ат-қарушымен сөйлесу барысында ардагерлер ұзақ әңгіме дүкен құрып, шер тарқатқандай болды. Бірақ ардагерлер тарапынан ешқандай шағым реніштер байқалмады. Олар бір бірімен әзіл-қалжыңы жарасып, 100 жыл ғұмыр кешуге уәделесті.самайларын ақ қырау шалған майдангерлер ел Президенті Н.Ә.Назарбаевқа жасап отыр-ған қамқорлығы, балалары мен немерелерінің айқын бола-шағы және бейбітшілік пен тұрақтылық үшін алғыс айтты. Олар бірауыздан ҚХА бастамасымен кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді қолдап, өз таңдауларын жасап та қойғандарын жеткізді.
Жұмыспан қамту және әлеу-меттік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Оразғалиеваның айтуынша, 2015 жылдың 21 қаңтарынан бастап Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында маңызды әлеуметтік акцияларды жүзеге асыруға жол ашатын «Жеңіс» жобасы бастау алды. Солардың бірі ретінде «Өмір жолы» акциясын атауға болады. Акция барысында Ұлы Отан соғысының барлық қатысушыларына дабыл түймесі бар арнайы телефондар аталмыш акцияның бастамасы ретінде таратылды. SOS түймесі Астана қаласындағы «Өмір жолы» көмек көрсету орталығына тәулік бойы қосылып тұрады. «Өмір жолы» - төтенше шалынған қоңырауларға тәулік бойы қызмет көрсетеді. «Өмір тетігі» қолдануға ыңғайлы етіп жасалған. Бір қарағанда ұялы телефон сияқты көрінгенімен, артқы бетінде SOS тетігі ор-натылған. Ол тетікті басу арқылы ардагерлер көмек көрсету ор-талығына дабыл бере алады. Үш секунд ішінде абоненттің жеке картасы дабыл қағушының барлық жеке басына тән симптомды науқастары туралы ақ-паратты операторлар алдына жайып салады. Құрылғы дауыс зорайтқыш және микрофонмен жабдықталған. Оператор абонентпен сөйлесіп, анықтама сұрақтарын қоя алады. Егер дабыл қағушы адамнаң жағдайы өте нашарлап, сөйлей алмайтын жағдайда болса, оператор бірден жедел жәрдем қызметіне хабарласады. Одан кейін оператор керекті көмекті көрсете алатын жақын адамдары мен туысқандарын хабардар етеді. Аталмыш акция бүкіл еліміз бо-йынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Са-мұрық-Қазына» АҚ мен рес-публикалық «Ардагерлер ұйы-мы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Бақыт Есімханқызы соңғы кездері тұрғындар арасынан тыл еңбеккерлеріне бөлінген мемлекеттік жәрдемақыға қалай қол жеткізуге болатындығы туралы сұрақтарымен көп жү-гінетіндерін атап өтті. Жәр-демақы алушының Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік жәрдемақысы туралы» заңының 5 бабының 2-1 тармақтарына сәйкес жұ-мыс өтілін растайтын еңбек кітапшасы және 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында істеген жұмысының жинақталған маз-мұны қажет.
Толық еңбек өтілі бол-мағандар немесе құжаттары толық емес азаматтардың еңбек өтілі арнаулы комиссиялармен жергілікті атқарушы органдарда қарастырылып, бекітіледі.
Арнайы комиссияның құзы-рына құжаттардың құқықтық бағалауы бойынша 1941 жыл-дың 22 маусымынан 1945 жыл-дың 9 мамыры аралығында еңбек өтілін растайтын және соғыс уақытындағы тылдағы ең-бегі үшін алған жалақы туралы және жұмыс күнінің ұзақтығы, орындаған жұмысына мінездеме (немесе колхоздардан бөлінген еңбеккүндері) сияқты фактілер жинақталады. Сонымен бірге, арнайы комиссиямен буыны қатпаған баланың шама-шар-қынша атқарған жұмыстары да ескерілетін болады.
Арнайы комиссияның оң шешімі тек барлық көрсетілген жағдайлардың сараптамасынан кейін ғана, соның өзінде жасөспірім балаға берілген жұмыстардың өтініш берушінің тілегі орындалуы мүмкін жағ-дайда комиссия мүшелері қорытынды шығарады.
Надежда ШАРОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.