Самарлықтардың назарына ұсынылған баяндаманы жиналған қауым ынта қоя тыңдады. Өйткені, барлығы да өздері ауасымен тыныс алып, жер қойнауы мен табиғат байлығын пайдаланып отырған ауылдың болашағына бей-жай қарай алмайды.
Жаңа жылдағы жұмыс жоспары Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясатты қарастыратын Жолдауын жүзеге асырумен ұштасады. Негізгі мәселе әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталғандықтан, ауыл тұрғындары алдағы болар жаңалықтарды жылы қабылдады. Олар бұл жобалардың жүзеге асатынына сенімділік білдірді. Олардың ішіндегі маңыздылары Ж.Болғанбаев атындағы орта мектепке автобус алу, Первомайский көлденең көшесіне жарық орнату, Фонов көшесін жөндеу.
Бүгінгі күннің басты тақырыбы - елімізде Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап өту. Оны лайықты қарсы алу ауыл тұрғындарының барлығына ортақ іс. Сондықтан да осы мінбеден ауылдықтарға әркімнің ауылды абаттандыру жұмысына белсене қатысуы туралы үндеу тас-талды. Тағы бір назар аудара кететін жағдай - облыс әкімі Д.Ахметовтің тапсырмасы бойынша сүт өндіру, оны тұрғындардан жинау мәселесі. Бұл орайда округте жұмыстар жүргізілуде. Шаруа қожалықтары арқылы сүтті салқындатқыш сатып алуға және округте бір тауарлы – сүт фермасын құруға жоба жасалған. Сонымен бірге, ауыл тұрғындарынан сүт жинау мәселесі де қарастырылуда. Жиын барысында тиісті қаулы қабылданып, ауыл тұрғындары Самар ауылдық округінің әкімі С.Дүсіпов пен оның аппаратының атқарып отырған жұмысына қанағаттанарлық баға берді.
К.Сембинова, зейнеткер:
- Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында: «Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі»,-деп атап көрсетті. Біздің Самар ауылында екі бірдей жол-құрылыс мекемесі бар. Олар ел экономикасының өрлеуіне зор үлес қосып отыр деп білемін. ЖПБ-6 облыс, аудан орталығымен байланыстыратын жолдарды қыс, жаз айларында күтіп, оларды абаттандыруды жақсы атқарып жүр. Ал биыл ауыл ішін ЖҚБ-14 мекемесі тазалауда. Қар түсе сала ауылдың көшелері қардан лезде тазартылады.
Ауыл тұрғындарының жүріп-тұруына ың-ғайлы. Ауыл ішіндегі жолдар да жөнделіп жатыр. Биылғы жылы мен тұратын Фонов көшесі жөндеуден өткізілмекші. Мен осы игілікті істердің барлығы Елбасының Жолдауын жүзеге асыру барысында атқарылуда деп білемін.
Т.Нечаева, мәдениет үйінің қызметкері:
- «Алдағы жылы біз Конституцияны қабыл-даудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өтеміз. Осы даталарды атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды». Бұл Елбасының «Нұрлы жол» Жолдауында айтылды. Біздің еліміз, оның ішінде біздің аудан да көпұлтты. Біз мәдениет саласының қызметкерлері осы ұлттар арасындағы та-тулықты сақтауда маңызды рөл атқарамыз деп білемін. Өйткені, әр ұлт өзара өнерімен жақындаса түседі. Сондықтан да алдағы атау-лы мерекелерге біздің дайындығымыз әлден басталып кеткен. Осы шаралар арқылы біз ұлттар достығын одан әрі нығайта түсеміз. Біздің тілегіміз – бейбітшілік. Бейбіт елде шырқалар ән де, биленетін би де көңілді болады. Сондықтан татулығымыз нығая түссін деймін.
Клара НҰРПЕЙІСОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.