Бес бірдей отбасыға Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты түрде пәтер кілттері табысталып, мерекемен қатар келген жаңа қоныстарын тойлады. Олар: Серікболсын Темірғалиев, Лидия Шәкенова, Бахты Зейноллина, Күлмира Сәдиева, Шолпан Түребаева.
«Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Жаңа экономикалық саясат анықталды. Жолдаудың бесінші бағытында Елбасы тұрғынүй инфрақұрылымын нығатуды белгілеп, оның жүзеге асуын тапсырған болатын. Республикамыздың ең басты мерекесі қарсаңында ауданда Президент Жолдауын іске асырудың алғашқы қадамдары жасалынып, тұрғындар баспанамен қамтамасыз етілді.
Аудандық тұрғынүй комиссиясы төрағасының орынбасары Руслан Бектасовтың пікірінше, біздің аудан дотациялы, бірақ, бұған қарамастан, аудан әкімінің тапсырмасымен тұрғындарды баспанаменқамту мәселесі мақсатты түрде шешілуі тиіс. –Әрине, ең бірінші баспанамен әлеуметтік көмекке зәру топтар қамтамасыз етіледі. Яғни, Тәуелсіздік күні қарсаңында баспанаға ие болып жатқандар қатарында, балалар үйінің түлектері, бірінші топтағы мүгедектер, сонымен қатар, баспанасы апатты жағдайда тұрғандар, ондай пәтерде тұру тұрғындардың өмірлеріне қауіп тудыруда. Бүгін Қазақстан халқы үшін ең ұлы мереке - Тәуелсіздік алғанымызға жиырма үш жыл толды. Осы уақыт аралығында жаңа экономикалық саясаттың ірге тасы қаланып, қазақстандықтардың өмір сүру салты мен сапасы біршама өзгерді. Құрметті жерлестер! Біздің жүрегіміз мемлекет үшін мақтанышқа толы болып, береке бірлік пен түсіністікке ұмтылып, табысты еңбегіміз сенімді, жарқын болашақтыңкепілі болғай! Шын жүректен баршаларыңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, бақыт тілеймін. Қазақстанның бақытты болашағына сеніммен қарайық!
Жаңа қоныстарын тойлап жатқан қуаныш иелерінің пікірін, олармен тілдесу кезінде анықтадық.
Серікболсын Темірғалиев, балалар үйінің тәрбиеленушісі:
-Елбасының ерен еңбегімен қазақ ұлты айдай әлемге танылды, өзі әлем жұртшылығы мойындаған дегдарға айналды. Елін елден оздырған, қазақ баласы үшін мәңгі мақтаныш болып қалатын Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрқашан халқының сенім артқан сүйікті ұлы. Бүгін, міне, баспаналы болып қуанышқа кенеліп отырмын. Осының барлығы Елбасының сындарлы саясатының арқасы. Қашанда халқының қамын ойлайтын Нұрсұлтан Әбішұлына алғысым шексіз. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықылас білдіремін.Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін.Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін.
Шолпан Түребаева:
-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың болғанына мыңда бір шүкір. Елбасының сындарлы саясатының арқасында баспаналы болып отырмын. Халқының жағдайына алаңдайтын Көшбасшымызға алғыс білдіремін.Еліміз өркендеп келеді. Алға қойылған мақсаттарымыз да жүзеге асуда. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл жиырма үш жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтағым келеді. Аудан халқына денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін.
Надежда ШАРОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.