9 желтоқсан күні «Қазақстан - Өскемен» телеканалында аудан әкімі Д.М Мусиннің брифингі өтті. Студиядағы тікелей эфирде ол журналистер мен тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Брифинг барысында тұрғындарды таза сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, Бастаушы ауылындағы апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа мектеп құрылысын салу мәселелері бірінші кезекте тұрғындарды алаңдататыны белгілі болды. Олардың барлығы зерттеліп, шешуге қажетті құжаттар топтамасы әзірленген. -«НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» Жолдауы бұл мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті аудан әкімі.
Денсаулық сақтау саласы да назардан тыс қалған жоқ. Аудан әкімінің айтуынша, Шәріптоғай ауылындағы апаттық жағдайдағы медпункт ғимараты мәселесі де шешімін тапқан. Сондай-ақ, Үлкенбөкен ауылындағы дәрігерлік емхананы көлікпен қамтамасыз ету мәселесі туралы сұраққа берген жауабында ол, Облыстық денсаулық сақтау басқармасына тиісті тапсырыс берілгені, «жедел жәрдем» көлігін сатып алу 2015 жылға жоспарланғанын жеткізді.
Үлкенбөкендіктер ауыл клубын жөндеу жұмысының басталуын күтуде. Алайда, ол үшін жобалық сметалық құжаттарды даярлау мен рәсімдеуін аяқтау қажет.
Самар ауылының тұрғыны А.Сычевті жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың, оның ішінде «Каскад-Н» ЖШС-нің іс әрекеті мәселесі қызықтырды. Аудан әкімі бұл сұраққа берген жауабында пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарына көп уақыт жұмсалатынын ескертті. «Каскад-Н» ЖШС ағымдағы жылы алтын өңдірісі алаңын даярлауды бастады. Алайда, әлемдік нарықта алтын бағасының күрт төмендеуіне байланысты жұмыс уақытша тоқтатылған. Компания басшылары аудан тіршілігінде белсенділік танытып, тек биылғы жылы келісімшарттағы міндеттеріне сәйкес әлеуметтік дамуға арналған аудан бюджетіне 20 млн. теңге аударды.
Қыс маусымының басталуына орай, тұрғындарды қар тазалау мәселесі алаңдатады. Дүйсенғазы Мағауяұлы бұл жұмыстар үшін ауданда 4 жол мекемелері жұмыс атқаратынын және олармен келісімшарттар жасалғанын, жанар-жағар май мен қаржы қоры жеткілікті екенін түсіндірді.
Брифинг барысында аудан тіршілігіндегі әртүрлі салаларды қамтитын жиырмадан астам сауалдар түсті. Аудан әкімі олардың бәріне нақты жауабын қайтарды және оларды шешу жолдарын анықтап берді.
Бұндай жағдай іс әрекеттерді ұйымдастырудағы оның сындарлы ұстанымын білдіреді. Өйткені бүгінгі таңда орын алған мәселелерді біліп қана қоймай, оларды мемлекеттік және салалық бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдаланып, сондай-ақ, аудан әлеуетін толық іске қосып, дер кезінде шешудің тиімді жолдарын да білу қажет.
Надежда ШАРОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.