Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

24 тамыз күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес отырысы өткізілді. Кеңейтілген кеңес отырысына аудан әкімінің аппарат басшысы, әкім орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме және ұйым басшылары, салалық қызмет өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Аппарат отырысының күн тәртібінде екі сұрақ қаралды. Ауылдық округтер кесіндісінде «Ауыл аманаты» жеңілдетілген несиелер бойынша бағдарламаларды іске асыру туралы аудан әкімінің орынбасары Мақсат Сүйесінов баяндама жасады.


Мақсат Сайлауғазыұлының мәлімдеуінше Көкпекті ауылы бойынша «Ауыл аманаты» бойынша 40 млн. теңгеге 16 жоба мақұлданды. Үлкенбөкен ауылы бойынша 4 жоба. Көкжайық ауылдық округі бойынша 3 жоба 25 млн. 800, Теректі округі бойынша 1 жоба 8 млн. 625 мың, Шұғылбай ауылы бойынша 2 жоба 6 млн. Жиыны 103 млн. 640 мың теңгені құрайды.
- «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылдық жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бұл – мемлекет басшысының «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қолға алынған бастама. Ол жерде Президентіміз ауыл тұрғындарына 2,5 пайыз жеңілдетілген несиені беру туралы айтады, – дей келе, орынбасары Мақсат Сайлауғазыұлы ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Осы сала бойынша жауапты орынбасары Мақсат Сүйесіновке және ауылдық округ әкімдеріне ауылдықтарды жобамен мүмкіндігінше кеңінен таныстыру үшін ауданның барлық округтерін аралап, түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Сондай-ақ кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның» іске асырылуы туралы Көкпекті ауданының мансап орталығы директорының м.а. А.Сайфуллақызы баяндама жасады.
- Көкпекті ауданы бойынша 2023 жылдың 23 тамызына мансап орталығына 614 адам өтініш білдірді, оның ішінде жұмыссыздар - 418 адам, өз бетімен қамтылғандар 55 адам.
Халықты жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына 538 адам енгізілді.
- Жастар практикасын ұйымдастыру үшін жоспар 32 адамды құрайды, бүгінгі күнге 15 адам жолданды, орындалуы 56,2 %.
- Ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыруға жоспар 167 адам, бүгінгі күнге жолданғаны 190 адам, орындалуы 113,7 %.
- «Бірінші жұмыс орны» бойынша жоспар 12 адамды құрайды, бүгінгі күнге 10 адам жолданды, орындалуы 83 %.
- «Ұрпақтар шарты» бойынша жоспар 2 адамды құрайды.
- «Күміс дәуірі» бойынша жоспар 15 адамды құрайды, бүгінгі күнде15 адам жолданды, орындалуы 100%.
Қысқа мерзімді кәсіби оқытуға жоспар 10 адамды құрайды.
- «Бастау - бизнес» кәсіпкерліктің негіздеріне оқуға 96 адам жіберілді оның ішінде аяқтағандары 56 адам.
Көші-қон бағдарламасы бойынша 2023 жылға ауданға берілген квота- жоспары 16 отбасы 28 адамды құрайды. Оның ішінде қоныс аударушылар 6 отбасы 10 адам, орындалуы 100 %. Қандастарды қабылдау квотасы 10 отбасы 18 адам, қандастар 9 отбасы 18 адам, Түркменстан Республикасынан қыркүйек-қараша айларында қоныс аудару күтілуде (бүгінгі күнге шекарадан өту жұмыстары жүргізілуде).
Бұл бағыттардың орындалуын жылдың аяғына дейін 100% жеткізу жоспарлануда.-деп баяндамасын аяқтады. Аудан басшысы баяндаманы тыңдай келе орындалмаған көрсеткіштерді белгілі бір уақыт ішінде орындалуын қолға алуды нақтылап айтты.
Сонымен қатар кеңейтілген аппараттық кеңесте дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, өткізу барысы талқыланды.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз