Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

27 наурыз күні аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың төрағалық етуімен аппараттық кеңес отырысы өткізілді. Кеңейтілген отырыс жұмысына ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, қызмет өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Көкпекті ауданы бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, аудан бойынша туберкулез дертінің эпидемиологиялық жағдайы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті полиция қызметінің атқарған жұмыстары және 2023 жылға арналған жоспарлары туралы сұрақтар қаралды.


Бірінші сұрақ бойынша аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин баяндама жасады. Баяндамашының ақпараты бойынша барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жос-парлы түрде орындалуда. Алайда аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев инвестиция тарту мәселесіне көп көңіл бөлу керектігін айтты.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев инвестиция тарту мәселесіне аса қатты назар аудару керектігін міндеттеп отыр. Сондықтан да біз жергілікті жерде бұл жұмысты жандандыруымыз керек. Жеке меншік инвестиция көлемін арттыруға барлық мүмкіндіктер бар. Орынбасарым Дәурен Қойгелдин мен ауылдық округ әкімдеріне әрбір инвестиция көздерін есепке алуды тапсырамын, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.
Сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі бойынша қатаң сын айтылды. Мысалға Көкпекті ауданы ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі Абай ауданы көрсеткішінен төмен болып тұр. Бұл - ешбір қисынға келмейтін жағдай. Бұл тұрғыда ауылдық округ әкімдеріне статистика басқармасына дұрыс және толық ақпарат беру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді.
Биылғы жылы Көкпекті ауданында 2 пәтерлі 35 тұрғын үй салу жоспарлануда. Демек 70 отбасы баспанамен қамтылады. Бір ерекшелігі бұл тұрғын үйлердің барлығы аудан орталығына салынбайды. Аудан әкімі 2 пәтерлі 20 тұрғын үй құрылысын аудан орталығы Көкпекті ауылына, ал қалған 30 пәтерлі 15 тұрғын үй құрылысын ауылдық округтерде салуды тапсырды.
Туберкулез дертінің эпидемиологиялық жағдайы туралы аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов баяндама жасады. Ауданда туберкулезге қарсы қызметті Көкпекті аудандық ауруханасы атқарады. Баяндамашының мәліметі бойынша бүгінгі күні ауданда туберкулез дертімен ауыратын 16 науқас тіркелген. Оның ішінде 12 науқас амбулаториялық-емхананың көмегінде тіркеуде, қалған 4 науқас стационарлық емдеуде тұр.
Ең көп жағдай Көкпекті, Теректі, Көкжайық, Преображенка, Үлкенбөкен ауылдарында анықталып отыр. Туберкулезбен ауратын 5 науқас жаңадан анықталды. Бұл көрсеткіш адам санына шаққанда облыстық және республикалық көрсеткіштен де асып кетті. Бұл алаңдатарлық жағдай. Аудан әкімінің орынбасары айтарлықтай жоғары көрсеткіштің басты себептерін де атады.
- Аурудың көбеюінің негізгі себептері өткен жылдардағы профилактикалық тексерулер арқылы туберкулезді ерте анықтау жұмыстарының нашар жүргізілуі, көптеген тұрғындардың жыл сайынғы профилактикалық тексеруден өтуден бас тартуы. Халықты флюорографиялық тексерулермен, оның ішінде жылжымалы әдіспен 2022 жылы 4556 адам қамтылған. Бұл барлық тұрғындардың 34 % ғана. Талдау жүргізілгеннен кейін 2023 жылға жоспар ұлғайтылды. Биыл 8006 адам қамтылады, бұл барлық халықтың 91,7 % құрайды. Сондай-ақ мәселені зерттеу барысында 3964 адам соңғы 2 және одан да көп жыл флюорографиялық тексеруден өтпегені анықталды, - дейді аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев жұқпалы дертпен ауырған науқастар санының ұлғайып кетуіне тосқауыл қою үшін шұғыл шаралар қабылдау керектігін атап өтті. Көкпекті аудандық ауруханасының басшылығына санитарлық қызметпен және фтизиатр маманмен бірлесіп, Көкпекті ауданында туберкулез ауруының эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жұқпалы ауруға қарсы іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы тапсырма берілді. Сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет. Ауылдарға баратын көпшелі медициналық кешеннің жұмысы туралы тұрғындарды алдын ала хабарландырып, елді мекен тұрғындары тексеруден толық өтуін қамтамасыз етуді ауылдық округ әкімдеріне жүктеді.
Жергілікті полиция қызметінің атқарған жұмыстары туралы Көкпекті аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Жасұлан Разаев баяндама жасады.
- Құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесінің негізгі буыны болып саналатын учаскелік полиция инс--пекторларына белгілі бір әкімшілік учаскеде азаматтардың тұрғылықты жерлерінде тәртіп орнату және құқық бұзушылықтардың алдын алу міндеті жүктелген. Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторларымен 102 каналына 1000-нан астам қоңыраулар шалынып, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар және азаматтардың әртүрлі мәселелері, түрлі өтініштері бойынша қызмет атқарылды.
Профилактикалық есепте тұрған 283 азаматтың құқықбұзушылыққа бейім мінез-құлқын учаскелік полиция инспекторлары бақылайды. Олардың қатысуымен 21 қылмыс ашылды. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының құзыретіне жол жүру ережелерін сақтау бағыты бойынша міндеттер қойылған. 2022 жылы барлығы 1156 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде автокөлікті алкогольдік ішімдік ішкен, масаң күйде басқарғаны үшін 27 құқық бұзушылық анықталды. Жалпы 2021 жылмен салыстырғанда Көкпекті ауданында 2022 жылы атқарылған жұмыс нәтижесінде қоғамдық орындарда, көшелерде жасалған қылмыстар, сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар саны төмендеді. Бұл учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық жұмыстарды лайықты деңгейде жүргізілгенін байқатады, - деді полиция подполковнигі.
Аудан әкімі жергілікті полиция қызметінің жұмысына жоғары баға беріп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жоспарларды толық орындау бағытында жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ ішімдік ішіп, масаң күйде автокөлік басқару фактісі тіркеліп, заң бұзушылық анықталса қатаң жаза қолдану керектігін атап өтті.
Кеңейтілген аппараттық кеңес соңында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев бірқатар маңызды тапсырмалар берді.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз