Аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен бірқатар кездесулерінен кейін Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаев өзекті мәселелер бойынша азаматтармен жұмыс жасау үшін арнайы ақпараттық-түсіндіру тобын ұйымдастыруды тапсырды. Топты аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин басқарды.
Топ құрамында әкім орынбасары М.Сүйесінов, Көкпекті ауданының прокуроры Е.Жұмаділов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Д.Жұмаділов, Көкпекті аудандық ауруханасының бас дәрігері А.Рахымбаева, тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы Е.Табиғатов, жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Алкенов, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Д.Айдаров және білім бөлімінің басшысы А. Танысбаев болды. Топ жұмысы Қ.Аухадиев және Теректі ауылдық округтерінен басталды. Тұрғындар үшін ауыл жастарына жылдық 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несие беру бағдарламасы түсіндіріліп, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Данияр Адиұлы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына кеңінен тоқталды. Теректі ауылының тұрғынынан жер саласына қатысты сауал келіп түсті. Бұл сауалға жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Құмарбекұлы жауап беріп, ұсыныстар айтты.
Сондай-ақ кездесулер аясында ол қатысушыларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алу тәртібі және пайдаланылмаған жерлерді қайтару - халық үшін өзекті тақырыптар туралы айтып берді.
Мұндай кездесулер ауданымыздың өзге де ауылдық округтерінде ұйымдастырылады.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.